Гуманитарлық факультет

Республика күні

22 қазанда №125 аудиторияда Айжан Сахановна ҚТӘ-412 тобына Республика күнін мерекелеуге арналған кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында мерекенің тарихы мен маңыздылығына арналған қызықты әрі танымдық материалдар ұсынылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, қызығушылық танытып, өз пікірлерін білдірді. Кураторлық сағат ұйымдасқан, мазмұнды түрде және достық атмосферада өтті.

«КҮЗ-РОМАНС» әдеби кафесі

Бір кеш. Бір романс. Мың сағыныш. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚТӘ-211, ҚТӘ-212 топ студенттерінің қатысуымен әдеби кафе форматындағы ерекше «Күз-романс» атты әдеби кеш өтті! Махаббат пен сағынышқа, сырлы сезім мен әсем әуенге толы бұл кеш әдебиет пен өнер тоғысқан ерекше әлем болды. Абай мен Тоғжанның мөлдір махаббаты көрініс …

«КҮЗ-РОМАНС» әдеби кафесі Read More »

Ел рухын асқақтатқан Республика күні

https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/10/Динара-1.mp4 2026 жылғы 23 қазанда ҚТӘ-311 тобында 25 қазан – Республика күніне орай кураторлық сағат өткізілді. Топ эдвайзері іс-шара барысында «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» тарихи маңызы туралы бейнебаян негізінде кураторлық сағаттың мақсаты мен өту форматын түсіндірді. Топ 2 фракцияға бөлініп, тақырып аясында пікірталас ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер Қазақстанның егемендікке жету жолы, ұлттық құндылықтар, …

Ел рухын асқақтатқан Республика күні Read More »

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында әскери бөлімше сарбаздарымен кездесу

2026 жылдың 23 қазанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Ансабаев Дүйсен Сандыбайұлы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасы аясында Талдықорған қалалық әскери бөлімше сарбаздарымен кездесу өткізді.

«Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының білімгерлері Түркия университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда

2026 жылғы 21 қыркүйек пен 2027 жылғы 12 ақпан аралығында  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих және қоғамтану» (IP) білім беру бағдарламасының 3-курс білімгерлері Болат Жансая, Есболатова Балғын және Сейілхан Тоғжан Түркия Республикасындағы Niğde Ömer Halisdemir University университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білімгерлердің …

«Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының білімгерлері Түркия университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда Read More »

XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

2026 жылдың 19 қазанында Гуманитарлық факультеті,  Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Ж.У. Калелова 1-курс студенттерімен «XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы жан-жақты қарастырылып, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен саяси байланыстар талқыланды. Ашық сабақта интерактивті оқыту әдістері …

XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді Read More »

«Felt Book — 2026» кітап көрме-фестивалі өтті!

«Жетісу өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алтын Орданың құрылғанына 757 жыл толуына арналған облыстық «Felt Book — 2026» кітап көрме-фестивалі жоғары деңгейде өтті! Шара барысында төмендегі жаңа кітаптардың тұсауы кесіліп, оқырмандар назарына ұсынылды:📖 «Аталар аманаты»📖 «Анаға тағзым»📖 «Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы»📖 «Қытайтану негіздері»📖 «Академик Аймақ Жанғалиев»📖 «Наймантай шежіресі»📖 «Жырға айналған сағынышы»📖 «Алтын орда ақиқаты …

«Felt Book — 2026» кітап көрме-фестивалі өтті! Read More »

Ғылыми семинар

       2026 жылғы 15 қазанда қазақ тілін оқытуда салалық терминологиялық сөздіктерді қолдану тәжірибесіне арналған ғылыми семинар өтті.            Семинарды Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шыныбекова Айжан Сахановна жүргізді.  Мақсаты – салалық терминологиялық сөздіктердің білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктерін саралау, оларды оқыту тәжірибесінде тиімді қолдану жолдарын …

Ғылыми семинар Read More »

«Эпиграф» электронды базасына тіркелу және кітаптармен электронды форматта жұмыс жасау үшін түсіндірме жұмыстары

2026 жылдың 12 қазанында «Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне Жетісу университеті кітапханасының «Эпиграф» электронды базасына тіркелу және кітаптармен электронды форматта жұмыс жасау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Эпиграф» электронды базасында білімгерлерге Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына қатысты 15-ке жуық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасауға ұсынылды. 

Құнды жәдігерлер мұражайға табысталды

Көрнекті  ілиястанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Мубыракханұлы Иманғазинов Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы әдеби-мемориалдық мұражайға ақынның жары Фатима Ғабитоваға қатысты бірнеше құнды жәдігерлерді табыстады. Осынау тарихи сәтке куә болған студенттер тағылымды дәріс тыңдап, сұрақтарына жауап алды.