Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Ташкент қаласында жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Әскербай Әлихан 95 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.Жарыс нәтижесінде Әскербай Әлихан жұлқа көтеруде 163 келіні бағындырып — II орын, ал серпе көтеруде 198 келі нәтижемен III орын иеленді. Қос жаттығудың қорытындысы бойынша жалпы …

Құттықтаймыз! Read More »

Құттықтаймыз!

Ташкент қаласында жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде.Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Ақжол Құрманбек 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.Жарыс нәтижесінде Ақжол Құрманбек жұлқа көтеруде 160 келіні, серпе көтеруде 198 келіні бағындырып, жалпы есепте 359 келі нәтиже көрсетті.Студентімізді Азия чемпионатындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы …

Құттықтаймыз! Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылғы 1–9 тамыз аралығында Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өтті.Аталған байрақты бәсекеде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Талғатқызы Данагүл 70 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлдеге ие болды.Данагүлді жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Халықаралық ғылыми тағылымдама

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 8D01503 – Биология білім беру бағдарламасының докторанттары Қуаныш Шалабаева мен Айгуль Акылбекова 2026 жылдың 1 шілдесі мен 1 тамыз аралығында Словакия Республикасының Жилин университетінде халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында докторанттар Жилин университетінің ғылыми-академиялық ортасында шетелдік ғылыми кеңесшілермен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, диссертациялық зерттеу бағыттары бойынша ғылыми тәжірибе алмасты. Шетелдік ғылыми …

Халықаралық ғылыми тағылымдама Read More »

Инклюзивті білім беру – сапалы педагог даярлаудың негізі!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жүзеге асырылып жатқан AP23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» ғылыми жобасы аясында жоба орындаушылары 2026 жылғы 13–18 шілде аралығында Батуми қаласында (Грузия) «Мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ педагогтерін инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби қызметке даярлау» тақырыбындағы ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама халықаралық «Edumediator+» оқу …

Инклюзивті білім беру – сапалы педагог даярлаудың негізі! Read More »

Халықаралық ғылыми кездесу

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымдары Жарлыөзек ауылындағы «Oshaq» тұрақты даму орталығында АҚШ-тан келген белгілі ғалым, Батыс Мичиган университетінің профессор-зерттеушісі, инженерлік геоматика және су қауіпсіздігі саласының маманы, PhD докторы Джанай Сагинмен кездесу өткізді. Кездесуге техника ғылымдарының докторы Е. Андасбаев, техника ғылымдарының кандидаты М. Джетимов, PhD докторлары Ж. Ахметов пен Б. Саткулов қатысты Кездесу барысында тараптар …

Халықаралық ғылыми кездесу Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында үздік үштікте!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында үздік үштікте! Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA – Ranking) жүргізген Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2026 қорытындысы бойынша «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен қатар Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында ТОП-3-ке енді. Құрметті …

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында үздік үштікте! Read More »

ЖЕҢІМПАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026–2028 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының қорытындысы жарияланды. Аталған конкурс нәтижесінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-ассистенті, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Қуаныш Жақпаев «Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша жеңімпаз атанды. Ғалымның «Жасанды интеллект негізіндегі адаптивті оқыту жүйелерін болашақ физика мұғалімдерін даярлауда пайдалану …

ЖЕҢІМПАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылғы 1–7 шілде аралығында Астана қаласында боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған республикалық жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Асқарбеков Қуаныш жоғары шеберлік танытып, жекелей сында І орынға ие болды. Бұл жеңісінің нәтижесінде Қуаныш боччадан Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы атанды. Бұл жетістік – спортшының қажырлы еңбегі мен …

Құттықтаймыз! Read More »