Техникалық факультет

«Мінез-құлық нормаларын дамыту, экологиялық тәрбие»

30.03.2022 жылы  Жаратылыстану және техникалық ғылымдар білім беру бағдарламасы оқытушы ассистенті Токанбаев Асхат Еркинович  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Экология мамандығы ЭҚ 211 топ білімгерлерімен  «Мінез-құлық нормаларын дамыту, экологиялық тәрбие» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты білімгерлерге қоғамдағы мінез-құлық адам нормалары, мінез-құлық ережелерін жиынтығы мен экологиялық тәрбие беру.

6В08101– «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада  

«Агрономия» бағыты бойынша жоғары оқу орындар арасында XIV Республикалық пәндік олимпиада аяқталды. Олимпиаданың негізгі мақсаты-болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, олардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Сондай – ақ педагог-оқытушыларға өз кәсібилігін дамытуға, құзыретті педагогтармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша еліміздегі белгілі 9 жоғарғы оқу орнынан (университеттен) студенттер қатысты. Біздің университетіміздің Техникалық ғылымдар жоғары …

6В08101– «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада   Read More »

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби

2022 жылдың 18 ақпанында Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің 111АЖҚ және 111АЖПҚ тобымен «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби» атты кураторлық сабақ өтті. Мұнда Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы және оның ғылыми еңбектермен шығармашылығы туралы ой қозғалды.Топ жетекшісі: З.Н.Канапьянова

«Ұлы даланың ұлы есімі – Абай»

2021 жылдың 24 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жаратылыстану және техникалық ғылымдар білім беру бағдарламаларының оқытушы-ассистенті Д.А.Солтановамен  ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор «Ұлы даланың ұлы есімі – Абай» атты студенттермен пікір алмасу сабағы өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: …

«Ұлы даланың ұлы есімі – Абай» Read More »

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессорды шақыру

Техникалық факультеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Эскишехир Османгази университетінің профессоры, PhD докторы (Одунпазари-Эскишехир, Түркия), Бурса Улугдаг университетінің профессоры, PhD докторы Эмин Атасой (Бурса қ., Түркия) шақырылды. Семинар 12.11.2021 жылы сағат 15.00-де факультет ПОҚ арасында «ғылыми қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілі»тақырыбында өтті. Семинар барысында пікір алмасылып, мақала жазуға және шетелдік ғылыми журналдарда жариялауға қатысты мәселелер қаралды.

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық мақсатында техникалық факультетпен 6в11201 «тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»3,4 курс оқушыларына дәріс және практикалық сабақтар өткізу үшін Улудаг университетінің (Бурса қ., Түркия) профессоры, PhD доктор Эмин Атасой шақырылды.Профессордың университетте болуы 29 қарашаға дейін жалғасады.

Ұлттық рейтинг

2021 жылда Қазақстанның үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінде 6В05201 – Экология білім беру бағдарламасы 2-орын!Рейтинг ЖОО қызметінің барлық аспектілерін көрсететін параметрлер бойынша анықталады: оқытудың нәтижесі, зерттеу жұмысы, халықаралық ынтымақтастық, профессор-оқытушылар құрамының жұмыс сапасы, түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ сарапшылардың, жұмыс берушілердің, студенттер мен ЖОО түлектерінің бағасы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Ішкі академиялық ұтқырлық

Ішкі академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, техника ғылымдарының докторы Валерий Александрович Седелевтің 15.02.2021 – 06.03.2021ж. 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс білімгерлеріне «Еңбекті қорғау» пәні бойынша дәріс өткізді, дәріс барысында білімгерлерге инновациялық әдістерді қолданды және  профессор-оқытушы құрам арасында іс- тәжірибемен алмасты.

«Әбу Насыр әл – Фарабидің музыкалық ой толғаулары» атты студенттермен онлайн дебат сабақ

13.05.2021 күні Ақпараттық – қатынастық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Ә.А. Оразбаева АЖПҚ211 топ студенттерімен  «Әбу Насыр Әл – Фарабидің музыкалық ой толғаулары» атты онлайн дебат сабақ өткізді. Әбу Hacыp Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби (870-950) ұлы музыкант, ақын және музыка теориясын зерттеуші ретінде де танымал.  Ол бірнеше музыкалық аспаптар ойлап шығарып, оларды шебер орындай …

«Әбу Насыр әл – Фарабидің музыкалық ой толғаулары» атты студенттермен онлайн дебат сабақ Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Техникалық факультет және Агрономия және техникалық пәндер кафедрасының ұжымы Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласында өткен «Фараби әлемі» Халықаралық конференциясында, «Суперионитің көмегімен аса таза  оттекті синтездеу» ғылыми жобасы үшін, профессор Рахымбеков А. Ж. жетекшілігімен, 3 жүлделі орын алған 3 курс студенті А.А. Даукенованы құттықтайды !!!  Оларға ғылым мен оқуда жемісті табыстар тілейміз!!!