Гуманитарлық факультет

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының 30 жылдығына арналған әдеби фестивалі

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған отыз іс-шара аясында, 2026 жылдың 1 сәуірінде мазмұны терең, тағылымы мол ерекше шығармашылық кеш өтті. Оқытушы-дәсіркерлердің ұйымдастыруымен, атап айтқанда Сүлейменова М.М., Турсын Г., Кабылова М.С. ұйымдастыруымен ағылшын тілінде өткен «English Art Fest» көркем әдеби-шығармашылық кеші жоғары деңгейде өткізіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Кештің басты …

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының 30 жылдығына арналған әдеби фестивалі Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық: «1 семестр – шексіз әсер

2026 жылдың 27 наурызында Гуманитарлық факультеттің «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы білім алушыларына арналған «1 семестр – шексіз әсер. Шетелде оқудың шынайы хикаясы» атты есеп беру конференциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты — 2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып келген студенттердің тәжірибесін қорытындылау және насихаттау. …

Сыртқы академиялық ұтқырлық: «1 семестр – шексіз әсер Read More »

Қала әкімінің құттықтауы

2026 жылғы 30-наурыз күні Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор міндетін атқарушысы, филология ғылымдарының кандидаты Кыяхметова Шара Әсетқызын 65 жас мерейтойымен құттықтады. Кездесу барысында қала әкімі мерейтой иесіне ғылым мен білім саласындағы көпжылдық еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлесін ерекше атап өтті. Мерейтой …

Қала әкімінің құттықтауы Read More »

«Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш

Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай өткізілген Наурызнаманың онкүндігі аясында «Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кештің ашылуы үш дәуірді бейнелейтін көріністен бастау алды. Көрермендерге ұлттық рухты сезіндіретін әсерлі қойылым ұсынылып, күй шертіліп, ән айтылды, би биленді. Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, сырға салу, тұсау кесу, асық ату сияқты …

«Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш Read More »

Ашық сабақ: Қазақстан мәдениетінің тарихи дамуы (XVIII–XIX ғғ. басы)

2026 жылдың 19 наурызында І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, Гуманитарлық факультет, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Қаратаева Динара Галимбаевна, Қазақстан тарихы пәні бойынша МҚ111 (IP), МП111 (IP) топтарына «Қазақстан мәдениеті (XVIII–XIX ғғ. басы)» тақырыбында мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған ашық сабақ өткізілді. Аталған сабақ ғылыми-танымдық бағытта құрылып, білім алушылардың тарихи-мәдени ой-өрісін кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды …

Ашық сабақ: Қазақстан мәдениетінің тарихи дамуы (XVIII–XIX ғғ. басы) Read More »

Қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасы

2026 жылдың 16 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша олимпиада өтті. Бірінші кезеңде 1-3 курс студенттері арасынан іріктелген 16 қатысушы лексика-грамматикалық тест тапсырды. Ақтық сынға жолдама алған 6 студент әдеби шығармаларға талдау жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әділ-қазылар құрамында ф. ғ. к., профессор м. а. М.Т. Джакыпбекова,  ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор А.С. Шыныбекова және …

Қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасы Read More »

Педагогикалық-психологиялық практиканың қорытынды конференциясы

2026 жылдың 12-наурызында 6В01707 — Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) білім беру бағдарламасы студенттерінің педагогикалық-психологиялық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Мақсаты – студенттердің практика барысында жинақтаған тәжірибесін талқылау, білім беру ұйымдарында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін қорытындылау және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.  Конференцияға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, практика жетекшілері мен ҚТӘ 211 және ҚТӘ 212 тобының студенттері  …

Педагогикалық-психологиялық практиканың қорытынды конференциясы Read More »

«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

2026 жылы 12 наурызда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-ассистенті, PhD докторант, педагогика ғылымдарының магистрі Саржигитов Ерик Тортаевич «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат — ұстаздың педагогикалық қызметке қосқан өлшеусіз үлесін мойындау және оның еліміздің білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің айқын дәлелі. Әріптесімізді жоғары дәрежедегі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Алаш идеясы және Әлихан Бөкейханов мұрасының тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

6В01601 – Тарих білім беру бағдарламасының ТҚҚ 231 тобының білімгері Дәрібай Ғалымжан Серікжанұлы педагогикалық практика аясында Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларымен «Алаш идеясы және Әлихан Бөкейханов мұрасының тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Іс-шараға практика жетекшісі – Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, тарих ғылымдарының кандидаты Буланов Ержан Олжабайұлы қатысты. Шараның негізгі …

«Алаш идеясы және Әлихан Бөкейханов мұрасының тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті Read More »

AI Assistant