Гуманитарлық факультет

Қаратал ауданы Үштөбе қаласында орналасқан «Қаратал тарихи-өлкетану» музейіне іс-сапар

2025 жылдың 15 қаңтарда «Тарих және әлеуметтік-пәндер кафедрасының» оқытушы-дәріскерлері, PhD Б.Т. Калиева, магистр Калелова Ж.У., магистр Касымова Н.Б. «Жас Ғалым-2025» университетішілік гранттық жобасы аясында «Жетісу облысы музейлері: Геоақпараттық жүйелер  (ГАЖ) технологиялары негізінде»  Қаратал ауданы Үштөбе қаласында орналасқан «Қаратал тарихи-өлкетану» музейіне іс-сапармен барып, жоба аясында материалдармен танысып, жұмыс жасалынды.

ЕЖЕЛГІ МИФОЛОГИЯНЫҢ БІЛГІРЛЕРІ

Гуманитарлық факультетте ежелгі мифология мамандарының байқауы өтті. Зияткерлік-шығармашылық сайыстың басты кейіпкерлері «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының екінші курс студенттері болды. Турнирге қатысушылар негізгі мифологиялық тақырыптар туралы білімдерін және құдайлардың грек және Рим пантеондарын шарлау қабілеттерін көрсетуі керек болды. Студенттердің айтуынша, Гомер өлеңдерінен үзінді айту қиын болды. Бірақ оны жатқа білу Гомердің гексаметрі одан да қиын …

ЕЖЕЛГІ МИФОЛОГИЯНЫҢ БІЛГІРЛЕРІ Read More »

Ұлттық басылым күні

2023 жылы Үкіметтің қаулысымен  2-ақпан «Ұлттық басылым күні» болып бекітілген болатын. Оның өзіндік тарихи мәні бар. Осыдан 1 ғасыр бұрын 1913 жылы 2-ақпан күні  қазақ журналистикасының бастау шыңында тұрған, оның ішінде мерзімді басымдардың көшін бастаған А.Байтұрсыновтың редакторлығымен  «Қазақ» газеті жарық көрді. «Қазақ» газетінің өзіндік мүддесі, көзденген мақсаты болды. Ол қазақ қоғамының санасына жаңа серпіліс беріп, …

Ұлттық басылым күні Read More »

Ғылыми-семинар

11.11.2024 жылы Гуманитарлық факультет «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ПОҚ қатысуымен О.Г. Турсынбаевтың «1941-1960 жылдардағы қазақ бастауыш мектептерінде білім беру мазмұны» тақырыбындағы докторлық диссертациясы аясында талқылау ғылыми-семинары өтті. Семинар барысында қатысушылар баяндамашыны мұқият тыңдап, жұмыстың мазмұнын жақсарту бойынша өз ойларын, тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

«LISAY деңгейлік онлайн платформасын ағылшын тілін үйретуде қолдану» атты оқыту семинары

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Jas ǵalym 2024» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсындағы «Деңгейлік онлайн платформа арқылы шетел тілінде тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру» атты жоба аясында Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушы-дәріскері Дюсебаева Самал Бериковна және Доскельдина Айдана Серікболқызының ұйымдастыруымен «LISAY деңгейлік онлайн платформасын ағылшын тілін үйретуде қолдану» атты …

«LISAY деңгейлік онлайн платформасын ағылшын тілін үйретуде қолдану» атты оқыту семинары Read More »

ЖУРНАЛИСТЕР ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕГЕ ЖІБЕРІЛДІ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 6B03201  – Журналистика 4 курс білімгерлері оқу жоспарына сәйкес 2024-2025  оқу жылының 13.01-26.04 аралығында өндірістік практикадан өтуге жіберілді. Олар Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасқан БАҚ-пен құзырлы мекемелердің баспасөз қызметінен білігін шыңдауға мүмкіндігі бар. Өндірістік іс-тәжірибенің бағыттау конференциясында студенттер өздеріне жүктелген міндеттермен танысып, ұйымдастыру жұмыстары туралы мағлұмат алды. Журналистика кафедрасының оқытушылары білімгерлерге …

ЖУРНАЛИСТЕР ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕГЕ ЖІБЕРІЛДІ Read More »

Биылғы 2024-2025  оқу жылының 13.01-22.02 аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 6В01601  – Тарих 3,4 курс білімгерлері оқу жоспарына сәйкес қала мектептерінде практикадан өтеді. Педагогикалық тәжірибенің бағыттау конференциясында студенттер өздеріне жүктелген міндеттермен танысып, ұйымдастыру жұмыстары туралы мағлұмат алды. Білім беру бағдарламасының оқытушылары білімгерлерге күнделікті кәсіби қызметіне қажетті білім, білік, дағдыларды кеңейтіп, жауапкершілікпен атқаруды кеңес берді және …

Read More »

Өлкетану бойынша ақпарат

2024 жылдың 12 желтоқсанында «Тарих және әлеуметтік-пәндер кафедрасының» оқытушы-дәріскері, PhD Б.Т. Калиеваның «Өлкетану курсы. Сарқан ауданы (Қазақстан тарихы пәні негізінде)» атты оқу-әдістемелік нұсқаулығы және «Сарқан ауданының киелі жерлері» атты электронды картографиялық анықтамалығын Талдықорған қаласы бойыннша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лийцей» базасында «Тәуелсіздік-тәңір сыйы» атты тарих апталығында таныстырылды және таратылды. …

Өлкетану бойынша ақпарат Read More »

Жұмыс берушілермен байланыс

Гуманитарлық факультет Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы жұмыс беруші мекемелермен тығыз шығармашылық байланыс жүргізеді. 2024 жылдың 20 желтоқсаны күні Талдықорған қаласы М.Жұмабаев атындағы № 19 орта-мектеп гимназиясы ұйымдастырған «Ұлт мұратын ұлықтаған ұлы тұлға — Мұхамеджан» атты әдеби-танымдық шарада Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD Г.И.Ишкалова «М.Тынышпаевтың тарихи мұрасы» атты тақырыпта баяндама жасады. Дәстүрлі  түрде …

Жұмыс берушілермен байланыс Read More »

AI Assistant