Біздің қыз — Чемпион
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында Ұлттық Студенттік Лигасының іріктеу жарысы өтті. Аталған жарыс барысында үстел тенисі спорт түрінен қыздар арасында тартысты бәсеке ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесінде Гуманитарлық факультетінің Журналистика кафедрасына қарасты Қоғаммен байланыс мамандығының 1-курс студенті Ерланқызы Мадина қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанды. Ол ойын барысында жоғары дайындық деңгейін, шапшаңдық пен табандылықты көрсете …










