Жаратылыстану факультеті

Жетісу облысы Көксу ауданы Бозтоған ауылында ф-м. ғ. д., профессор Д. Н. Нұрғабыл марапатталды

Еліміздің болашағы, жас ұрпақтың өмірі оның қандай ұстаз болатынына байланысты. Сол себепті, Жетісу облысы, Көксу ауданының Бозтоған ауылындағы  БҰҰ Тұрақты даму орталығында, басшысы заң ғылымдарының докторы Молдыбаев Сарқытбек Сәрсенбаевич, педагогикалық өтілімі 500 жылға толған Күреңов Нұрғабылдың отбасы мүшелеріне Құрмет көрсету шарасы өтті.  Бұл отбасында математика, физика, информатика, ағылшын тілі, орыс тілі, химия, биология пәндерінен мектепте, …

Жетісу облысы Көксу ауданы Бозтоған ауылында ф-м. ғ. д., профессор Д. Н. Нұрғабыл марапатталды Read More »

Алматы қаласындағы Камен үстіртіндегі обсерваториясына ғылыми-танымдық сапар

09.10.23 ж., физика-математика БББ І.Жансүгіров атындағы жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылары ф.ғ.к., доценттер Рахымбеков А.Ж., Шакенов М.Б., оқытушы- дәріскер Куатбаева Д.Е. құрамының жетекшілігімен ФИПК-411 студенттерінің Алматы қаласындағы Камен үстіртіндегі обсерваториясына ғылыми-танымдық сапары болды. Экскурсия барысында біз Астрофизика институтының ғылыми қызметкерлері жүргізген жұлдызды аспан атласы туралы кіріспе лекциясын тыңдап, түнгі жұлдызды аспанды тамашаладық. Студенттерге Лира, Аққу, Кассиопея …

Алматы қаласындағы Камен үстіртіндегі обсерваториясына ғылыми-танымдық сапар Read More »

Еңбекпен жеткен мұратқа, ұстаздың жолы – дара жол!

Физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының қалыптасуына өзіндік үлесін қосып, университетімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасаған, шәкірттерін биік шыңдарды бағындыруға жетелеген ардақты профессор-оқытушылардың құрметіне жаратылыстану жоғары мектебінде «Еңбекпен жеткен мұратқа, ұстаздың жолы – дара жол!» атты мерекелік кездесу кеші өткізілді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы ыстық ықыласқа толы кездесу барысында үлгі боларлықтай ұстаздық дара жолын қалыптастыра …

Еңбекпен жеткен мұратқа, ұстаздың жолы – дара жол! Read More »

Семинар

2023 жылғы 28 қыркүйек күні Жилин университетінің тау биологиясы институтынан шақырылған ғалым, PhD профессор Мариан Янига жаратылыстану жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарына «Таулы аймақтың ағын суларындағы судың сапасы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Халықаралық медицина жоғары мектебінің (Қырғыз Республикасы) өкілдері де қатысты. Семинарға қатысушылар Жетісу облысында жүргізілген бірлескен ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысты. Қатысушылар тарапынан …

Семинар Read More »

StartUp жобалар байқауы

Жаратылыстану жоғары мектебі жаңашыл жастар арасында инновациялық идеялар мен стартап жобалардың байқауын жариялайды. Байқау мақсаты: Байқау кезеңдері: Өтінімдерді тіркеу мерзімі: 2023 жылғы 02 қазаннан 29 қазанға дейін Әрбір жоба бойынша өтінімдер электронды түрде (қазақша немесе орысша), ұсынылған үлгіге сәйкес келесі мекенжай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, 2 оқу ғимараты, 319 …

StartUp жобалар байқауы Read More »

Құттықтаймыз!

Жаратылыстану жоғары мектебі физика – математика бағыты бойынша БББ оқытушы – дәріскері Ескендиров Куаныш Бакитжанович І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің спорт саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін төс белгісімен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!

«Парасаттылық сағаты»

15.09.2023 жылы жоғары жаратылыстану мектебі базасында «Парасаттылық сағаты» кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағат барысында студенттерге бейнероликтер көрсетіліп, талқылауға бірқатар сұрақтар қойылды. Талқылау барысында студенттер әңгіме тақырыбы бойынша өз ойларымен, идеяларымен бөлісті. Парасаттылық идеологиясын ілгерілету, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және аса маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру мақсатында.

Құттықтаймыз!

«Физика» білім беру бағдарламасының магистранты Әкпар Гүлнұр «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік педагог – 2023» кітап жинағының ІV шығарылымына қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Гүлнұрға жинақ, «Үздік педагог» төс белгісі және І дәрежелі диплом табысталды.  

Бірінші курс студенттерімен кездесу

05.09.2023 жылы жаратылыстану жоғары мектебінің базасында 1 курс студенттерімен кездесу өткізілді. Студенттер жоғары мектеп деканымен және профессор-оқытушылар құрамымен танысты. Кездесу барысында бірінші курс студенттеріне үлкен үміт артылатындығы және оқу, зерттеу және қоғамдық жұмыстарда жоғары жетістіктерге жету тілектері айтылды.  Студенттік декан Әділет балаларды жоғары мектептің студенттік активінің құрылымымен таныстырды. Кездесу нәтижесінде студенттерге оқу процесі туралы ақпарат, …

Бірінші курс студенттерімен кездесу Read More »

Құттықтаймыз!

Биыл алғаш рет Жетісу облысында өңірлік деңгейде ұйымдастырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант байқауында жаратылыстану жоғары мектебі мен техникалық ғылымдар жоғары мектебінің жас ғалымдары Ахметов Ж.У., Жақпаев Қ.Р., Ибраимов А. пен Серикбаев С. командасы жеңімпаз атанып,     3 000 000 тг көлемінде грант алды. Жобаның негізгі мақсаты дарынды жастардың жаңа, батыл, серпінді ғылыми және шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету. …

Құттықтаймыз! Read More »