Ғылыми семинар
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларға өтінім беру мәселесіне арналған ғылыми семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – университеттің жас ғалымдары мен ізденуші профессор-оқытушылар құрамына ғылыми сыйлықтар мен стипендиялар байқауына қатысу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ өтінім құжаттарын рәсімдеу талаптарымен таныстыру болды. Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры …










