Жаңалықтар

Студенттік Ассамблеяның ашылуы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жастар арасындағы көшбасшылықты, бастамашылдықты және ұлтаралық келісімді дамытуға бағытталған Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысып, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен патриотизм идеялары төңірегінде бірігуінің маңыздылығын атап өтті. Студенттік Ассамблеяның құрылуы жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мен этномәдени диалогты нығайту жолындағы …

Студенттік Ассамблеяның ашылуы Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық

2025-2026 оқу жылында Құқық және экономика факультетінің Халықаралық құқық білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ақерке Дюсен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Лодзь университетінде (Польша) білім алып жатыр. А. Дюсен Лодзь университетінде таңдаған мамандығы бойынша білімін тереңдетіп, еуропалық құқықтық жүйені зерделеп, мәдениетаралық құзыреттілігін дамытып, сондай-ақ Польша және басқа да еуропа елдерінің мәдениетімен танысып қайтады. Академиялық ұтқырлық …

Сыртқы академиялық ұтқырлық Read More »

Республикалық ғылыми семинар

2025 жылдың 30-31 қазан күндері «Жетісу Дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Өткеннен болашаққа: Тарихты жасанды интеллект арқылы зерттеу» тақырыбында республикалық ғылыми семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысына Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), т.ғ.к. Тлеубекова Гүлжан Бөлегенқызы мен PhD, оқытушы-дәріскер Калиева Бекзат Тынысбековна спикер ретінде қатысты. Гүлжан Бөлегенқызы «Шоқан Уәлихановтың жеке тектік құжаттарын жасанды интеллект негізінде …

Республикалық ғылыми семинар Read More »

Тарих апталығындағы викториналық сайыс – білім мен зияткерлік сайыс алаңы

2025 жылдың 4 қарашасында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Тарих» білім беру бағдарламасы студенттерінің бірлескен ұйымдастыруымен қызықты шара өтті. Іс-шара Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Тарих – өткенге сабақ, болашаққа өнеге» атты Тарих апталығы аясында ұйымдастырылды. Бұл викториналық сайыс тек «Тарих» білім беру …

Тарих апталығындағы викториналық сайыс – білім мен зияткерлік сайыс алаңы Read More »

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында «Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектепке дейінгі ұйым педагогтарының тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді тиімді іске асыруға ықпал ететін озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Сондай-ақ, семинар педагогтердің кәсіби құзыреттерін ғылыми-әдістемелік өзара әрекеттестік пен халықаралық ынтымақтастық арқылы дамытуға бағытталды. …

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар Read More »

«Таза Қазақстан» акциясы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға университет ұжымы, Жансүгіров колледжінің қызметкерлері мен студенттері белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аймақты қоқыстардан тазартты.Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың маңызды міндеті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай шаралар жастарды тазалыққа, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелейді. Жетісу университетінің ұжымы алдағы уақытта да осындай сенбіліктерді …

«Таза Қазақстан» акциясы Read More »

«Интербелсенді оқыту технологиясы: білімді болашаққа бірге!» атты хакатон

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Динара Есимбекова 4 курс білім алушыларымен «Заманауи педагогикалық технологиялар» пәні бойынша «Интербелсенді оқыту технологиясы: білімді болашаққа бірге!» тақырыбында хакатон өткізді. Хакатонның мақсаты: интербелсенді оқыту технологиялары аясында жасанды интеллект, STEM және CLIL технологияларының интеграциясын тәжірибе жүзінде ұсыну; студенттердің командалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, педагогикалық шеберлікті шыңдау; білім беру үдерісін …

«Интербелсенді оқыту технологиясы: білімді болашаққа бірге!» атты хакатон Read More »

AI Assistant