«Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруді педагогикалық сүйемелдеу» ресурс орталығы ашылды
Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруді педагогикалық сүйемелдеу» ресурс орталығы ашылды. Аталған орталық Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша AP23488199 – «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» (2024–2026 жж.) ғылыми және ғылыми-техникалық жобасы аясында жүзеге асты. Орталықтың мақсаты – …









