«Нашақорлыққа – жол жоқ!» акциясы
Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің колледжінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында «Нашақорлыққа – жол жоқ!» акциясы өтті. Шараға Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев, Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Меруерт Искакова, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер …










