Құттықтаймыз!
Қазақстан банктер Ассоциациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында студенттердің жобалары мен зерттеулерінің (жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, онлайн-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, қаржы саласындағы финтех-әзірлемелер және цифрлық шешімдер) республикалық конкурсы өтті. Байқауға Құқық және экономика факультетінің 4 курс студенті Кендебаева Алуа «QorFin» — қаржылық алаяқтықтың алдын-алу жүйесі» (сайт) жобасын ұсынды. Ол қаржылық алаяқтық пен оның алдын-алу жүйелеріне зерттеу жүргізіп, әдістемесін ұсынды. …










