«Таза Қазақстан» акциясы
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға университет ұжымы, Жансүгіров колледжінің қызметкерлері мен студенттері белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аймақты қоқыстардан тазартты.Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың маңызды міндеті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай шаралар жастарды тазалыққа, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелейді. Жетісу университетінің ұжымы алдағы уақытта да осындай сенбіліктерді …









