Жаңалықтар

«Ұлттық құрылтай: Дала демократиясының жаңару дәуірі» атты дөңгелек үстел

Бурабайда өткен ІV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Президент Қ.Тоқаев қазақ халқының тарихы мен оның әлем тарихында алатын орнына ерекше тоқталды. Осыған орай, Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары «Тарих» мамандығының білімгерлеріне Қазақстанның болашақ дамуын айқындайтын маңызды диалог алаңы – Ұлттық құрылтайдың мазмұнын таныстырды. #SDG #ЦУР #ТДМ

«Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылдың 14 сәуір күні Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры М.Р. Катенованы еске алуға арналған «Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияның мақсаты – тілдер мен мәдениет арасындағы байланыстарды тереңірек зерттеп, халықаралық коммуникация мен мәдениетаралық диалогты дамыту бағытындағы ғылыми зерттеулерді ілгерлету. Бұл маңызды шарада …

«Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Read More »

Сенбілік

Табиғат – тіршілік көзі. Оны қорғау, аялау, жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны таза ұстау – адамзаттың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Осы орайда әрбір адам айналасын таза ұстап, қала көркіне үлес қосуы қажет.Дәл осындай бастамамен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері «Taza Like» республикалық акциясын ұйымдастырды.Акция аясында жұмыла жұмыс істеп, университет ауласы мен айналасын …

Сенбілік Read More »

Ұлттық спорт түрлерін қолдап, оларды насихаттай отырып, өз мәдениетімізді дәріптейік!

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – ассистенті М.Заманбеков факультетіміздің белсенді білім алушылар арасында тоғызқұмалақ ойынан жарсы өткізді. Біз ұлттық спортты дамыту арқылы жастарды салауатты өмір салтына баулып, рухани құндылықтарды сақтай аламыз. Ұлттық спорт түрлерін қолдап, оларды насихаттай отырып, өз мәдениетімізді дәріптейік!

Неджметтин Эрбакан университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Түркияның Конья қаласында орналасқан Неджметтин Эрбакан университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Неджметтин Эрбакан университеті – 2010 жылы құрылған мемлекеттік оқу орны. Университетте 20 000-нан астам студент білім алады, оның 800-ден астамы шетелдік студенттер. Times Higher Education (THE) халықаралық рейтингінде университет «Білім беру» бағыты бойынша топ-600, «Инженерлік ғылымдар» бағыты бойынша …

Неджметтин Эрбакан университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум Read More »

Жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

«XXI ғасыр: ғылым және инновациялар» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияКүні: 07.04.2025 ж.Уақыты: 10.00Өткізу орны: Бас оқу ғимараты, 313 мәжіліс залыҰйымдастырушы: Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімі #SDG #ЦУР #ТДМ

Хабарландыру!

«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ 2025 жылғы 17 сәуірде ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова оқулары аясында мектеп оқушылары арасында өткізілетін «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауына шақырады. «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру; шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және …

Хабарландыру! Read More »

«ЖАС ҚАЛАМГЕР» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ ДЕРЕКТЕР ЖИНАҚТАУ ТӘСІЛДЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Ғылым күніне орай 6В03201-«Журналистика» және 6В03202-«Қоғаммен байланыс» мамандықтарының білімгерлерінен құралған «Жас Қаламгер» үйірмесінің кезекті отырысы өтті.  Дөңгелек үстел басына жиналған болашақ журналистер «Деректер жинаудың негізі қадамдары» атты тақырыпта өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Шараға қатысқан білімгерлер өздерінің кезекті газет шығарылымына материал жинауда кездесетін қиындықтар, деректерді өңдеу және деректер ашықтығын тексеру жолдары туралы ой-пікірмен бөлісті. …

«ЖАС ҚАЛАМГЕР» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ ДЕРЕКТЕР ЖИНАҚТАУ ТӘСІЛДЕРІМЕН БӨЛІСТІ Read More »

Докторанттарға арналған семинар: «Научное обоснование диссертационного исследования (research proposal)»

Докторанттарға арналған семинар: «Научное обоснование диссертационного исследования (research proposal)»Өтетін орны: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Бас оқу ғимараты, 313 аудиторияКүні: 14.03.2025 ж.Уақыты: 15.00Спикер: Меруерт Абайдельданова Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің басшысы, PhDҰйымдастырушы: Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімі #SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant