Жетісу университетінде XІIІ жазғы универсиада ойындарына қатысатын студенттермен кездесу өтті.
Кездесуде Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, команда капитаны дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс студенті Альтай Қалқаманға университет байрағын салтанатты түрде табыстады. «Жетісу университетінің студенттері спорт жарыстарында үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Былтыр студенттеріміз Әлем, Азия, Халықаралық, Республикалық Чемпионаттарда 26 алтын, 20 күміс, 10 қола медальға ие болды. …










