Құттықтаймыз!
Қуанышты жаңалық! Республика күні қарсаңында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма мүшесі — ғылыми жұмыс және интернациоландыру жөніндегі проректор Бахтаулова Алефтина Сембайқызы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2024 жылғы 16 қазандағы бұйрығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды. Құрметті атақты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек салтанатты түрде табыстады. Құттықтаймыз!










