І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті делегациясының Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарына ресми сапары
24-25 ақпанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, з.ғ.д., профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы бастаған делегация халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстанның бірқатар жетекші университеттерінде болды. Сапар аясында Өзбекстан Республикасы Құқық қорғау Академиясы, Ташкент халықаралық университеті, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында педагогика, құқықтану, білім …









