«Арулар асыл жандар, шуақ болып шашылғандар»
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 8 наурыз — халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар асыл жандар, шуақ болып шашылғандар» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиын Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаевтың құттықтауымен басталды. «Әйел отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның барлық саласында еңбек ететін тұлға. Университеттің өркендеуіне, білім кеңістігінде нық қадам басуына қыз-келіншектердің қосқан үлесі зор», – деді …










