Жаңалықтар

«Қыз тәрбиесі – адам тағдырын шешетін ұлы іс» қыздар жиналысы

«Қыз тәрбиесі – адам тағдырын шешетін ұлы іс» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиынды ДОӨжТЖЖО С.Мамлеева, колледж психологы А. Жуматаева және колледж медбикесі Л.Жакупова ұйымдастырылды. Кездесу барысында жеке бас гигиенасы, жұқпалы аурулардың алдын алу, ерте жүктіліктің салдары және психологиялық саулық мәселелері қозғалды. #SDG #ЦУР #ТДМ

Хабарландыру!

Профессор М.Қ.Бисенқұлов атындағы аудиторияның ашылу салтанатыКүні: 11.02.26Уақыты: 11.00Өтетін орны: 408а.аудиториясы #SDG #ЦУР #ТДМ

Арнайы білім беру жүйесінде диагностика және түзету

2026 жылғы 6 ақпанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Арнайы білім беру жүйесіндегі диагностика және түзету: сабақтастық пен жаңа тәсілдер» тақырыбында семинар өтті. Оған педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, арнайы педагогтер, логопедтер мен психологтер қатысты. Семинардың мақсаты — мамандардың диагностикалық және консультативтік біліктілігін арттыру, дәстүрлі және заманауи әдістерді меңгерту, ерекше білім беру қажеттіліктері …

Арнайы білім беру жүйесінде диагностика және түзету Read More »

Ашық сот процесі

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Талдықорған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен әкімшілік сот процесіне онлайн қатысты. Ашық сот отырысының негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық тәртіп пен заңның үстемдігін насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру сондай-ақ  Құқық және экономика факультеті студенттерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру. Сот барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік …

Ашық сот процесі Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде үстел теннисінен іріктеу жарысы өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында үстел теннисінен Ұлттық студенттік лига жарыстарына іріктеу жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, үстел теннисі спорт түріне қызығушылықты арттыру, студенттердің жекелей спорттық шеберлігін дамыту, факультеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ үздік спортшы студенттерді университеттің құрама командасына іріктеу. Аталған жарысқа барлық факультеттерден алты …

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде үстел теннисінен іріктеу жарысы өтті Read More »

Құттықтаймыз!

Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Кира Хегайды ҚР Туризм және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 02 ақпан 2026 жылғы №35 бұйрығына сәйкес «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СПОРТ ШЕБЕРІ» атағын алуымен құттықтаймыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Гранттық қаржыландыру конкурсына берілген өтінімдерді жетілдіру бойынша семинар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026 жылғы 2 ақпанда Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен гранттық қаржыландыру конкурсына берілген өтінімдерді жетілдіру бойынша семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім берген ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Іс-шара барысында Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және интернацоналдандыру жөніндегі проректор А. Бахтаулова жоба өтінімдерін …

Гранттық қаржыландыру конкурсына берілген өтінімдерді жетілдіру бойынша семинар Read More »

Химия және биология пәндері бойынша жас мамандарға арналған бірлескен облыстық семинар

Жуырда Жаратылыстану-техникалық факультеті, Жаратылыстану пәндері кафедрасында «Химия және биология пәндері бойынша жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және оқыту сапасын арттыру» тақырыбында бірлескен облыстық семинар өтті. Семинар жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және білім беру процесіне заманауи педагогикалық технологияларды тиімді енгізу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында білікті, тәжірибелі мамандар жас мамандарға арналған …

Химия және биология пәндері бойынша жас мамандарға арналған бірлескен облыстық семинар Read More »

Түрік тілі курсы бойынша сертификаттар табысталды

Құзыреттер және қосымша білім беру орталығында қазан- қаңтар айлары аралығында түрік тілі курстары ұйымдастырылып өткізілді. Курсқа гуманитарлық, жаратылыстану-техникалық және құқық-экономика факультеттерінің студенттері қатысты. Оқытуды гуманитарлық факультетінің оқытушы-дәріскері Тлегенова Гульнур Алмухамбетовна жүргізді. Сабақтар  барысында тыңдаушылар негізгі тілдік құзыреттіліктерді игерді. Алынған білім мен қалыптасқан тілдік дағдылар академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқуға мүмкіндік берді. Аталған курсты аяқтаған студенттердің …

Түрік тілі курсы бойынша сертификаттар табысталды Read More »

ҚР Конституциясын талқылауға арналған жиын

Жетісу университетінде ҚР Конституциясының жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуды Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізіп, өз сөзінде қайта жазылған Ата заң жобасының халық талқысына ұсынылуы қоғам үшін аса маңызды қадам екеніне тоқталды. Жиын барысында психология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, оқытушы Хапиза Наубаева Конституцияның жалпы құрылымына жан-жақты тоқталып, оның бөлімдері мен …

ҚР Конституциясын талқылауға арналған жиын Read More »

AI Assistant