Жаңалықтар

Байқау

Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыру мақсатында 2024 жылдың 30 мамырында университет деңгейінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу–әдістемелік бөлімімен барлық білім беру бағдарламаларының бітіруші түлектерінің арасында «Жыл практиканты» атты байқауы өткізілді. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары комиссия құрамымен объективті бағаланып, байқау қорытындысы бойынша ең үздік практика есептерінің иелері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, …

Байқау Read More »

Семинар

2024 жылдың 29 мамырында «Эксперименттік дизайн және деректерді талдау (R-да)» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Спикер – PhD, Молекулярлық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Ермекбаев Қанат Абайұлы. Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды: эксперименттік дизайн түсінігі; сәтсіз және сәтті эксперименттік дизайн; деректерді статистикалық өңдеу; эксперименттегі репликация, рандомизация және блоктау т. б. Сонымен қатар, Қанат Абайұлы R-studio бағдарламасымен …

Семинар Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

21-29.05.2024 жылы Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында «AVC Challenge cup 2024» турнирінде Қазақстан құрамасын және құраманың мүшесі Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 4 курс білім алушысы Якимова Юляны ІІ орын иеленулерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Біздің білім алушымыз турнирдің үздік тосқауыл қоюшысы атанды.

РобоЖУ-2024

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің Робототехника және мехатроника зертханасы, қазіргі жастарды оқыту және тәрбиелеу және оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мақсатында 2024 жылғы 24 мамырда Жетісу облысының мектептері арасында робототехника бойынша жыл сайынғы «РобоЖУ-2024» олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға он төрт команда қатысты. Бірінші орынды Жансүгіров ауылынан, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебінің «Vertu» командасы иеленді.. Екінші …

РобоЖУ-2024 Read More »

Меморандум

«І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ және «IT HUB – JETISU DIGITAL» ЖШС арасында ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды 2024 жылдың 22 мамырында «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры Бурибаев Ермек Абилтаевич және «IT HUB – JETISU DIGITAL» ЖШС директоры Аблаев Талгат Муратханович өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бурибаев Ермек …

Меморандум Read More »

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

2024 жылғы 22 мамыр І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» іс-шарасы өтті. Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру. Университет қабырғасында жәрмеңке дәстүрлі түрде жылына екі рет өтеді. Жәрмеңке нәтижесінде бітіруші түлектер өздеріне керекті жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа орналасады. Өткен жылғы жәрмеңке нәтижесінде университет түлектерінің …

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Read More »

Семинар

2024 жылғы 21 мамырда «Кәсіби басылымдар, ғылыми мақала жазуға арналған Latex» тақырыбында ғылыми онлайн семинар өтті. Спикер – Ph.D, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, АӨК цифрландыру саласындағы технологиялық құзыреттілік орталығы директорының орынбасары Топаев Султан Орланович болды. Семинарды ұйымдастырушы: Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі. Семинар барысында Latex-те ғылыми мәтінді редакциялауға қатысты мәселелер талқыланды: …

Семинар Read More »