DP21681653 Жетісу Алатауының сирек кездесетін жабайы жеміс түрлерінің көшеттерін вегетативті көбею жолымен өндіру

Жаңалықтар мен оқиғалар

Жобаны іске асыру аясында университет қажетті материалдық-техникалық жағдайларды жасады:

Питомник үшін жер телімінің бөлінуі
Питомник ұйымдастыру үшін 72 м² аумақ бөлінді. Бөлінген аумақта қоршау жүргізіліп, жабайы жеміс-жидек өсімдіктерінің питомнигі құрылды. Бұл аумаққа Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, кәдімгі өрік, алматылық долана, жоңғарлық долана, іле бөріқарақаты, іле итмұрыны және Мейер қарақаты сияқты жабайы жеміс-жидек өсімдіктерінің аналық өсімдіктері отырғызылды.

Зертханалық база құру
Ғылыми-зерттеу институтының биотехнология және экология аясында жаңа оқу-зертханалық ғимаратта өсімдіктердің микроклондық көбейту зертханасы жұмыс істейді. Зертхана гранттық және университеттің бюджеттен тыс қаражаттары есебінен заманауи қажетті жабдықтармен және шығыс материалдарымен жабдықталған. Бұл зертханада жабайы жеміс-жидек өсімдіктерінің экспланттарын алу және көбейту жұмыстары жүргізілуде.

Жылыжай құрылысы
Жасыл шламдау және микроклондық көбейту арқылы алынған көшеттерді өсіру және көбейту үшін заманауи жылыжай салынды.

Шикізат жинау
Алматылық және Жетісу облыстарына іссапарлар барысында қажетті бастапқы материалдарды дайындау ұйымдастырылды.

Технологиялық процесті әзірлеу
Жабайы жеміс-жидек өсімдіктерін жасыл шламдау технологиялық схемасы әзірленді. Әзірленген схема бойынша питомникке көбейту үшін әр түрден 25 көшет алынды.

In vitro технологияларын енгізу
Жабайы жеміс-жидек өсімдіктерінің әр түрі үшін in vitro енгізу хаттамалары жасалды, таза культура алынып, тамырлануы қиын өсімдіктер тобына жататын жабайы жеміс-жидек өсімдіктеріне микроклондық көбейту жүргізілді. Әрбір өсімдік түрі үшін микроклондық көбейту технологиясы әзірленді, микрошламдау арқылы көшеттер алынып, олар жылыжайға және питомникке отырғызуға арналған.

Маркетингтік жұмыстар
Алынған өнімді маркетингтік алға жылжыту үшін сайт әзірленіп, бейнероликтер түсірілді, буклеттер, лифлеттер, каталог шығарылды және әдістемелік нұсқаулықтар дайындалды. Өткізу нарығын зерттеу жүргізіліп, тұтынушылар анықталды, өнімді өткізу және оны әрі қарай жүзеге асыру бойынша келісімшарттар жасалды. Алынған өнім жалпы сомасы 2 300 000 теңгеге сатылды.

Жобаны іске асыру аясында атқарылған жұмыстар:

    1. Әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу
      «Жетісу Алатауының жабайы жеміс-жидек түрлерін вегетативтік көбейту» тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып, шығарылды. Бұл басылым ISBN 978-601-216-985-0 халықаралық стандартты кітап нөмірімен тіркелді.
    2. Каталог құру
      Каталог әзірленіп, басып шығарылды. Онда жабайы жеміс-жидек түрлері, олардың сипаттамалары және вегетативтік көбейту әдістері туралы жүйелендірілген ақпарат ұсынылған.
    3. Ақпараттық материалдар дайындау
      Буклеттер мен лифлеттер дайындалды. Бұл материалдар жабайы жеміс-жидек өсімдіктері туралы білімді тарату және олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
  • Жобаның ресми сайты
    Жобаға арналған ресми сайт құрылды. Онда әдістемелік нұсқаулықтар, каталог және жобаның жетістіктері туралы өзекті материалдар орналастырылған.