Наубаева Хапиза Танирбергеновна

Дәрежесі: психология ғылымдарының докторы

Дәрежесі: профессор

білімі

1975 жылы Талдықорған педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1979 жылы «Физика пәнінің мұғалімі» квалификациясы берілді.

 1992-1994 жылдары Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, «Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі  мұғалімі» квалификациясын алды.

1995-1999 жылдары «Жалпы педагогика, педагогика тарихы» мамандығы негізінде Аспирантурада білім алды.

 1999 жылы Тараз қаласында «Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара бірлесіп атқаратын іс-әрекеттерін гумандық негізде жүзеге асыру» атты тақырыпта – 13.00.01- жалпы  педагогикадан ғылыми диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2003-2006 жылдары аралығында әл-Фараби  атындағы Қазақ Ұлттық университетінде доктарантурада оқыды.

 2010 жылы қараша айында Д.20.01.01. диссертациялық кеңесте «Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға этникалық қарым-қатынастың психологиялық әсері» — атты тақырыпта 19.00.07. – педагогикалық психологиядан докторлық ғылыми диссертациясын қорғады. Білім және Ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен «Психология ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі берілді.

2004 жылы педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

жетістіктері

2009 жылы Жоғары білікті мамандар даярлау, жастарға білім және тәрбие беру ісіне сінірген ұзақ жылғы қызметі үшін Алматы облысы Әкімінің грамотасы. (С.Үмбетов)

2010 жылы 2 наурыз Білім және Ғылым министрінің ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасынының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (куәлік №087).

2014     жылдың 11 сәуірінде Алматы облысы, Көксу ауданы Маслихатының №28-2 шешімімен Көксу ауданының «Құрметті Азаматы» атағы (куәлік № 178).

2015     жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (куәлік № 022).

2016     жылы Қазақтың Ұлы тұлғасы Мұхамеджан Тынышпаевтың тарихи мұрасын зерттеуге үлес қосқаны үшін «Мұхамеджан Тынышпаевтың туғанына — 135 жыл» медалі (куәлік № 00175).

2017 жылы ҚР психология ғылымының дамуы және кәсіби біліктілігі, жоғары мамандарды даярлау мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін Алматы облыстық мәслихатының құрмет грамотасы С.Дүйсембинов.

  2018 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Білім беру мен ғылымдағы жоғары жетістіктерін, көп жылдық жемісті еңбегін және кәсіби шеберлігін айқындайтын «Ерең еңбегі үшін» медалімен Куәлік № 013- 31.05.2018.

  2022 жылдың 5-маусымында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумды халыққа кеңінен баяндап, үгіт насихат жұмыстарын белсенді жүргізгені үшін — Алғыс хат.

  2022 жылы 28-қазан №40 Білім беру мен ғылымдағы жоғары жетістіктерін, көп жылдық жемісті еңбегін және кәсіби шеберлігін айқындайтын «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі.

   2023 жылы наурыз айында «Адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін» Талдықорған қаласының Әкімінің Құрмет грамотасы. (Ә.Масабаев)

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР

1.Болашақ педагог психологтарға кәсіби білім берудегі мотивацияның психологиялық әсері. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Білім беру жүйесін модернизациялау: тенденциялар, проблемалар және перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы-2019ж.  18-қазан.

  2.Студенттерді кәсіби даярлаудағы оқу мотивациясының рөлі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Білім беру жүйесін модернизациялау: тенденциялар, проблемалар және перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы-2019 ж.      18-қазан.

  3.Болашақ педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы мотивация. «Жастар – білім, ғылым, қоғамның қозғаушы күші» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ЖМУ.Талдықорған 25-26 қазан, 2019 жыл.

 4.І.Жансүгіров шығармашылығына психологиялық талдау. V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «ХХІ ғасырдың сынақтары» Қазіргі әлемдегі ғылым және білім. Нұр-сұлтан қаласы, Қазақстан 10-12 желтоқсан, 2019 ж.

  5.«Қазіргі білім жүйесіндегі психологиялық қолдау- Болашаққа бағдар» тақырыбында баяндама оқып, Қазіргі заманғы білім беру сапасының мәселелері және рухани жаңғыру – болашаққа бағдарлау». «Қазіргі заманғы білім беру сапасының мәселелері және рухани жаңғыру – болашаққа бағдарлау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарына жарыққа шықты. Алматы, «Қайнар университеті» Хабаршы 4/1, 18-желтоқсан, 2020 ж.

  6.«Шетел психологиясындағы мотивацияның теориялық негіздері». Қазіргі заманғы білім беру сапасының мәселелері және рухани жаңғыру – болашаққа бағдарлау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарына жарыққа шықты. Алматы, «Қайнар университеті» Хабаршы 4/2, 18-желтоқсан, 2020 ж.

 7.Студенттің психологиялық әл-ауқатының өзгерістеріне оқу мотивациясының әсерін талдау. Академик Т.Т. Тəжібаевтың 110 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым:» жүйелік, сабақттастық, инновациялық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Алматы «Қазақ университеті» 2020 ж.

  8.«Тұлғаның мотивациялық сферасын құрылымдық ұйымдастыруды зерттеу». профессор С.М. Жақыповтың 70 жылдығына арналған  «Отандық және әлемдік психологияның жай-күйі және даму перспективалары» халықаралық –ғылыми әдістемелік конференция  Алматы, 30-қазан, 2020 ж.284-286 баспа бет.

      9.«Қазіргі  заманғы білім беру сапасын арттыруда және рухани өркендеуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білімді ұрпақ даярлау». «Қазіргі заманғы білім беру сапасының мәселелері және рухани жаңғыру – болашаққа бағдарлау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарына жарыққа шықты. Алматы, «Қайнар университеті» Хабаршы 4/2, 18-желтоқсан, 2020 ж.

     10.Оқытушы мен студенттердің педагогикалық толерантылықтары мен жеткіліксіз толеранттылығына креативтіліктің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi хабаршы «Психология» сериясы, №4(65), 2020 ж.

     11.Қазақ жастарының рухани дамуындағы ұлттық психологияның ролі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi Академик К.А.Оразбекованың 80 жас мерейтойына арналған «Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешуде ұлттық психологияның рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 21 сәуір, 2021ж. – 672 б

12.«Қазіргі оқыту үрдісіндегі психологиялық ахуалдың қажеттілігі». Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Академик К.Оразбекованың 80-жас мерейтойына арналған «Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешуде ұлттық психологияның рөлі» атты Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. 21-сәуір, 2021ж.

13.«Life-meaningful orientations of future teachers-psychologists in the process of studying in the university». Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Академик К.Оразбекованың 80-жас мерейтойына раналған «Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешуде ұлттық психологияның рөлі» атты Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. 21-сәуір, 2021ж.

14.Өзін-өзі тану – қоғам қалыптасуының маңызды процесі ретінде. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Тәуелсіздік жолы: бағдарлары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Талдықорған, 29-қазан, 2021ж.

15.Студенттердің кәсіби даярлану үрдісіндегі мотивацияның зерттелуі. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Тәуелсіздік жолы: бағдарлары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары Талдықорған, 29-қазан, 2021ж.

      16.Мұғалімнің кәсіби дамуындағы шығармашылық тәсіл. «Ғылым және ағарту» халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы ХІV Халықаралық ғылыми — практикалық конференциялардың қазіргі заманғы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері,10-қараша, 2021ж.

      17.Мотивация психологиялық феномен ретінде – рухани құндылық. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы «ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ- ҰРПАҚ ӨЗЕГІ» Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары Талдықорған, 2019 ж.

      18.Болашақ педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіне бейімделуіне әсер ететін негізгі факторлар. «Инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне ендіру – сапалы білім негізі» республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары ЖМУ- Талдықорған, ақпан 2020 ж.343-345 бб

      19.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудағы – ертегі терапиясы. «Болашақ педагогтарды заманауи білім беру кеңістік жағдайында даярлау» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференция. І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті  2021 жылдың 26 наурызы, Талдықорған.

      20.Жеткіншектердің өзара қарым-қатынастарын қалыптастыруда әлеуметтік психологиялық тренингтің рөлі. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Болашақ педагогтарды заманауи білім беру кеңістік жағдайында даярлау» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Талдықорған қ, 26-наурыз, 2021ж.

      21.«A Meta-Analysis on the Impact of Gamification over Students’ Motivation». Journal of Intellectual Disability ‒ Diagnosis and Treatment, 2021.Vol 9, ISSN. P. 417 – 422.

      22.Заманауи интернет-технологиялардың көмегімен білім алушылардың дискурсивтік қабілеттерін қалыптастыру. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Ф. Борибекованың 70 жас мерейтойына арналған «Білім берудің заманауи тәжірибесі және болашағы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, Талдықорған қ, 22-қазан, 2021ж.

      23.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі-жаңартудың үдерісі. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне ендіру – сапалы білім негізі» аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция Талдықорған қ, 2018 ж. 253-257 б.

      24.ЖОО-ның оқу-тәрбие үрдісінде болашақ педагог-психологтардың кәсіби-тұлғалық жетістігін қалыптастыру технологиясы. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Қазіргі білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттілігінің теориясы мен тәжірибесі» Республикалық ғылыми –тәжірибелік конференциясы – наурыз 2022 ж, Талдықорған қ.

         25.Кәсіби даярлау үстінде білімгерлердің танымдық іс-әрекет мотивациясы. Университеттің 50 жылдығына арналған. «Болашақ ұрпағы: ғылым мен білімнің тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция –қазан 2022 ж. Талдықорған қ 271-274 бб

         26.«Білімгерлердің бойында толерантты мінез-құлық қалыптастырудың әдістемелік негіздері» Университеттің 50 жылдығына арналған «Болашақ ұрпағы: ғылым мен білімнің тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ, 2022 ж.

         27.Оқу процесіндегі іс-әрекеттер түрлерін жүзеге асырудағы психологиялық бағыттар түрлерінің алатын орны. «Еуропа мен Азия елдеріндегі уақтылы ғылымды дамыту перспективасының мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференциясы қазан 2022 ж Переяслав қ. 9-12 б.

         28.ЖОО-ның оқу –тәрбие үрдісінде болашақ педагог-психологтардың кәсіби тұлғалық жетістігін қалыптастыру технологиясы. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «Қазіргі білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттілігінің теориясы мен тәжірибесі» Республикалық ғылыми –тәжірибелік конференциясы. Талдықорған қ, наурыз 2022 ж.

        29.Өзін-өзі тану-қоғам қалыптасуының маңызды процесі ретінде. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «Жансүгіров тағлымы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция. Талдықорған қ, 2022 ж.

        30.Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «Қазіргі білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттілігінің теориясы мен тәжірибесі» Республикалық ғылыми –тәжірибелік конференциясы.Талдықорған қ, наурыз 2022 ж.

       31.Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі толерантты тәрбие. «ХХІ ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Республикалық ғылыми тәжірибелік конференция. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «ХХІ ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Республикалық ғылыми тәжірибелік конференция.  8 сәуір 2022 ж,Талдықорған қ.

      32.Оқушылардың интелектуалды дамуының психологиялық зерттелуі. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «ХХІ ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Республикалық ғылыми тәжірибелік конференция. Талдықорған қ, 8-сәуір,2022ж.

      33.Патриоттық және әскери-партиоттық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «ХХІ ғасыр: ғылым және инновация» ғылыми және  тәжірибелік конференция. 8-сәуір, 2022 ж,Талдықорған қ.

      34.Жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғашқы әскери дайындық пәнінің маңыздылығы. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «ХХІ ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Республикалық ғылыми тәжірибелік конференция. Талдықорған қ, 8-сәуір,2022 ж.

        35.Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі толерантты тәрбие «XXI Ғасыр: Ғылым және Инновация» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Республикалық ғылыми –тәжірибелік конференция І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,Талдықорған 2022 ж.

        36.Кәсіби дайындық процесінде студенттердің танымдық іс-әрекетінің мотивациясын қалыптастыру қазіргі ғылым мен білімнің өзекті мәселелері «XXVI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақалалар жинағы 2 бөлім, Пенза «Ғылым және білім» ХҒСО 2023 ж.

        37.«Болашақ мұғалімнің эмоционалды-коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға арналған тренингтер» педагогиканың өзекті мәселелері-11ші халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы, 18 мамыр, 2023 ж, Анапа қаласындағы «Иннова» ғылыми-зерттеу орталығы.

       38.The Impact of Educational Robotics on Cognitive Outcomes in Primary Students: A Meta-Analysis of R. SCOPUS журналы-European Journal of Educational Research, 2023, 12(4), 1683–1695

   39.«Мектепетегі  булингтің аладын алудағы оқушылардың эмоциялық интелектісі»  Академик Т.Т. Тәжібаевтың туылғанына 114 жыл және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан ғылымы және оқу-ағарту жүйесі: даму жолдары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 23-ақпан, 2024 ж.

 

Оқулықтары мен оқу құралдары

 1.Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшадағы балалардың қазақ тілі сабағында өзара бірлесіп атқаратын іс-әрекеттерін гуманистік негізде жүзеге асыру. Әдістемелік нұсқау. Талдықорған, 1998 ж.

 2.Гумандықты қалыптастырудың педагогикалык, негіздері. Оқу құралы. ТОО «LЕМ». Алматы, 2001 ж.

 3.Оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар. Оқу құралы. «ҚазБаспа-К-Т». Алматы, 2004 ж. (Ж.Түрікпенұлы авторлық бірлестікте)

 4.Девиантты тәртіпке отбасындагы қарым-қатынастың психологлық әсері. Әдістемелік құрал «Жетісу университеті» баспа орталығы. Талдықорған, 2011 ж. (К.Н.Ахмедиева авторлык, бірлестікте)

 5.Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет Оқу құралы. «Жетісу университеті» баспа орталығы. Талдықорған, 2012 ж. (К.Н.Ахмедиева авторлық бірлестікте)

 6.Педагог-психологтарға практикалық көмекші құрал, оқу-әдістемелік құрал. «Жетісу университеті» баспа орталығы. Талдықорған, 2012 ж.

  7.Қазақтың ырым-тиым сөздері — тәрбие бастауы. Оқу-әдістемелік кұрал. «Жетісу университеті» баспа орталығы. Талдықорған, 2012 ж.

   8.Эксперименттік психология. Оқулық. «Таугул-Принт» баспасы. Алматы, 2014 ж. (Н.К. Тоқсанбаева авторлық бірлестікте)

        9.Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы ойын технологиялары. Оқу құралы. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, БИЦ баспа бөлімі. 2015 ж. (г. Б. Барышниковамен бірлескен)

   10.Білім берудің практикалық психологиясы. Оқу-әдістемелік құрал. ЖМУ, Талдықорған, 2016 ж.

  11.Өркені өскен, өрісі шалқар ана. Естелік. Талдықорған, 2016 ж.

  12.Психологиялық практикум. Оқу құралы. ЖМУ, Талдықорған, 2017 ж. (К.Н.Ахмедиева авторлық бірлестікте)

  13.Психология. Электрондық оқулық. 2018 ж.

  14.Білім беру жүйесіндегі психологялық қызметтерді дамыту. Электрондық оқулық. 2018 ж.

  15.Жоғары оқу орнында психологияны оқыту әдістемесі. Электрондық оқулық. 2018 ж.

  16.Психология тарихы Оқу құралы. (РУМС) ЖМУ, Талдықорған, 8.03.2021ж. (Авторлық серіктестікте)

  17.Тұлғалық өсу және  мотивация психологиясы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі және редакциялық – баспа кеңесі ұсынған оқу әдістемелік құрал. Әл-Фараби ҚҰУ, Алматы –«Guppy Print» 2022. 149 б. (Авторлық серіктестікте)