ЖАС ҒАЛЫМДАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕЛЕР
Жас ғалымдар орталығы – бұл факультеттің жас ғалымдарына ғылыми қызметте қолдау көрсету, олардың ғылыми әлеуетін дамыту және қазіргі заманғы ғылымның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған пәнаралық кешенді зерттеулерді ұйымдастыру үшін құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады. Орталықтың басты міндеті – жас ғалымдарды ғылыми зерттеу жұмыстарына ынталандыру, оларға қажетті ресурстарды ұсыну, әрі ғылым саласындағы кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
Ғылыми үйірме — білім алушыларды ғылыми қызметке тарту, ғылыми бағытты таңдауға жәрдемдесу, ғылыми отырыстарда баяндамаларды тыңдау және талқылау, әртүрлі деңгейдегі студенттік ғылыми іс-шараларға қатысу арқылы көрініс табатын білім алушылардың ғылыми қызметін ұйымдастыру нысаны.
-
МіндеттеріМіндеттері
- Факультеттің талантты білім алушылары мен жас ғалымдарын ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке және қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту;
- Білім алушыларға өз бетінше ғылыми ізденіске көмектесу және олардың ғылыми жұмысын ұйымдастыру;
- Ғылыми және техникалық шығармашылықтың заманауи технологияларына оқытуды ұйымдастыру арқылы жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін неғұрлым толық іске асыруға жәрдемдесу;
- Ғылым мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-инновациялық жобалар мен жұмыстарды ұйымдастыру және орындау; ғылыми конференциялар, семинарлар, конкурстар, мастер-кластар, олимпиадалар ұйымдастыру. Білім алушыларды және жас ғалымдарды өңірлік, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысуға дайындау.
Физика-математика факультетінің барлық білім алушылары ғылыми үйірменің мүшесі бола алады.
Ғылыми үйірмелерге жазылу оқу жылы ішінде тұрақты түрде жүргізіледі (2 оқу ғимараты, 319 каб.)
Add Your Heading Text He
ЖАС ҒАЛЫМДАР ОРТАЛЫҒЫ
Жас ғалымдар орталығы 2022 жылы құрылды. Орталық қызметінің мақсаты ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, әдістемелік сүйемелдеу және жоғары мектептің жас ғалымдарының инновациялық әлеуетін дамыту болып табылады.
«КВАНТ» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ
Үйірменің қызметі білім алушылардың физикаға деген қызығушылығын дамытуға және физикалық есептерді шешуге, негізгі курста алған білім мен дағдыларды жетілдіруге, физика бойынша олимпиадалық есептерді шешудің әдістерін игеруге, білім алушылардың физика саласындағы, оның ішінде физикалық эксперимент саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған.
Үйірме жетекшісі: ф.-м.ғ.к., қауымд.профессор Рахымбеков А.Ж.
Введите текст заголовка
БІЛІМ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
Үйірме білім алушыларға заманауи технологиялар мен ғылымның негізгі аспектілерін үйретуге, сондай-ақ оларды жасанды интеллекттің қолданылуы мен даму бағыттарымен таныстыруға мүмкіндік береді.
Үйірме мүшелері түрлі тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер және зерттеулер өткізіп, ғылыми жобаларды жүзеге асырады. Олар сондай-ақ компьютерлік бағдарламалау, деректерді өңдеу, нейрондық желілер мен машиналық оқыту саласында білім алады. Үйірмеде білім беру процесінде тәжірибе мен шығармашылықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Үйірме жетекшілері: п.ғ.к., оқытушы-дәріскер Тукенова Н.И., оқытушы-дәріскер Мурсакимова Г.А.
Введите текст заголовка
«FUTURE CODERS» үйірмесі
«FUTURE CODERS» үйірмесі «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттерін ақпараттық технологиялар саласындағы олимпиадаларға, хакатондарға және басқа да конкурстарға қатысуға дайындауға бағытталған. Үйірмеде бағдарламалау, командада жұмыс істеу және бәсекелестік жағдайында күрделі міндеттерді шешу дағдылары дамиды.
Үйірме жетекшісі: оқытушы-дәріскер Шалтабаев А.А.
Введите текст заголовк
ЖУ «JIPTO» МАТЕМАТИКАЛЫҚ
ҮЙІРМЕСІ
2021 жылдың қыркүйегінде «Математика» білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен білім алушыларының бастамасымен және қолдауымен ЖУ «JIPTO» математикалық үйірмесі құрылды.
JIPTO ойынын (профессор Томскийдің интеллектуалды ойыны) профессор Григорий Васильевич Томский ақыл мен шығармашылықтың қозғаушы күші ретінде ойлап тапты.
Үйірменің мақсаты: математика сабақтарында JIPTO-ны қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
Үйірме жетекшісі: оқытушы-дәріскер Ескендиров Қ.Б.
Введите текст заголовк
ЖАС БАҒДАРЛАМАЛАУ-ШЫ
Үйірменің қызметі ғаламдық ақпараттық кеңістік және ақпарат алу қағидаттары туралы тұтас идеяны қалыптастыруға, компьютер қамтамасыз ететін заманауи технологияларды пайдалана отырып, белсенді шығармашылықтың конструкторлық және зерттеу дағдыларын қалыптастыруға; сондай-ақ өзінің ақпараттық ресурстарын құру бойынша іс жүзінде маңызды міндеттерді шешу үшін іскерлік пен қызмет тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.
Үйірме жетекшілері: оқытушы-дәріскер Шетиева К.Ж.
