ЖАС ҒАЛЫМДАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕЛЕР

Жас ғалымдар орталығы жаратылыстану жоғары мектебінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталықтың қызметі білім алушылардың белсенді өмірлік ұстанымын дамытуға, сондай-ақ жоғары мектеп жас ғалымдарының бастамалары мен идеяларын іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған.

Ғылыми үйірме-білім алушыларды ғылыми қызметке тарту, ғылыми бағытты таңдауға жәрдемдесу, ғылыми отырыстарда баяндамаларды тыңдау және талқылау, әртүрлі деңгейдегі студенттік ғылыми іс-шараларға қатысу арқылы көрініс табатын білім алушылардың ғылыми қызметін ұйымдастыру нысаны.

міндеттері

Жаратылыстану жоғары мектебінің барлық білім алушылары ғылыми үйірменің мүшесі бола алады.

Ғылыми үйірмелерге жазылу оқу жылы ішінде тұрақты түрде жүргізіледі (2 оқу ғимараты, 319 каб.)

Add Your Heading Text He

ЖАС ҒАЛЫМДАР ОРТАЛЫҒЫ

Жас ғалымдар орталығы 2022 жылы құрылды. Орталық қызметінің мақсаты ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, әдістемелік сүйемелдеу және жоғары мектептің жас ғалымдарының инновациялық әлеуетін дамыту болып табылады.

 ЖҒО төрағасы: «Биология» БББ докторанты  Абділдаұлы Алем

«КВАНТ» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ

Үйірменің қызметі білім алушылардың физикаға деген қызығушылығын дамытуға және физикалық есептерді шешуге, негізгі курста алған білім мен дағдыларды жетілдіруге, физика бойынша олимпиадалық есептерді шешудің әдістерін игеруге, білім алушылардың физика саласындағы, оның ішінде физикалық эксперимент саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған.

Үйірме жетекшісі: ф.-м.ғ.к., қауымд.профессор Рахымбеков А.Ж.

Введите текст заголовка

«БИОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ

Бұл үйірме ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылық танытатын білім алушыларға арналған. Үйірмеге қатысатын білім алушылар оқытушы-дәріскер А.М.Маусумбаеваның жетекшілігімен ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді, ғылыми еңбектерді өз бетінше талдауды және жинақтауды үйренеді, зертханалық эксперименттер жүргізу дағдыларын игереді, практикалық зерттеулердің нәтижелерімен студенттік конференцияларға қатыса алады, баяндамалар жасай алады және ғылыми еңбектерін ғылыми басылымдарда жариялай алады.

 Үйірме жетекшісі: а./ш.ғ.к., оқытушы-дәріскер Маусумбаева А.М.

Введите текст заголовка

ЖУ «ГЕОГРАФ-ЗЕРТТЕУШІ» СТУДЕНТТІК КЛУБЫ

2021 жылдың ақпан айында «География» және «География-тарих»  білім беру бағдарламалары негізінде оқитын белсенді студенттер тобының бастамасы мен оқытушыларының қолдауының нәтижесінде құрылды. Клубтың негізгі мақсаты – білім алушылар арасында табиғи нысандар мен құбылыстарды, табиғи-аумақтық кешендерді зерттеп, география пәнінен шығармашылық зерттеу жұмыстарын, жаңартылған білім беру бағдарламаларына сәйкес іздену жұмыстарын насихаттау. ЖУ «Географ-зерттеуші» студенттік клубының жоспарлы отырысы айына 2 рет болады.

Клуб жетекшісі: PhD, оқытушы-дәріскер    Керімбай Б.С.

1

Введите текст заголовк

«ХИМИК» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ

Бұл үйірменің негізгі мақсаты білім алушыларды химия және экология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне тарту болып табылады. «Химик» үйірмесіне қатысқан білім алушылар:

– Ғылыми жұмыстың мақсатын қоюды және оған жету үшін міндеттерді тұжырымдауды үйренеді;

– Эксперименттік деректерді өңдеу, заңдылықтарды анықтау, спектрлерді ашуды үйренеді;

-Ғылыми-зерттеу жұмысын ресімдеуді, баяндама мен презентация жасауды үйренеді;

– Түрлі деңгейдегі конкурстарда, семинарлар мен конференцияларда стендтік және ауызша баяндамалармен сөз сөйлеу тәжірибесін алады.

Үйірме жетекшісі: т.ғ.к., оқытушы-дәріскер Джетимов М.А.

Введите текст заголовк

ЖУ «JIPTO» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҮЙІРМЕСІ

2021 жылдың қыркүйегінде «Математика» білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен білім алушыларының бастамасымен және қолдауымен ЖУ «JIPTO» математикалық үйірмесі құрылды.

JIPTO ойынын (профессор Томскийдің интеллектуалды ойыны) профессор Григорий Васильевич Томский ақыл мен шығармашылықтың қозғаушы күші ретінде ойлап тапты.

Үйірменің мақсаты: математика сабақтарында JIPTO-ны қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.

Үйірме жетекшісі: оқытушы-дәріскер      Ескендиров Қ.Б.

Введите текст заголовк

ЖАС БАҒДАРЛАМАЛАУ-ШЫ

Үйірменің қызметі ғаламдық ақпараттық кеңістік және ақпарат алу қағидаттары туралы тұтас идеяны қалыптастыруға, компьютер қамтамасыз ететін заманауи технологияларды пайдалана отырып, белсенді шығармашылықтың конструкторлық және зерттеу дағдыларын қалыптастыруға; сондай-ақ өзінің ақпараттық ресурстарын құру бойынша іс жүзінде маңызды міндеттерді шешу үшін іскерлік пен қызмет тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

Үйірме жетекшілері: оқытушы-дәріскер       Шетиева К.Ж., оқытушы-ассистент Кабытаев А.Г.