AP23485959 «Қазақстандағы климаттық көші-қон: салдарын түсіну және бейімделу стратегияларын жақсарту». 2026 жылғы 15–16 наурыз аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Басқарма Төрағасы – Ректоры аппаратының басшысы, құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Нұрмұханқызы Дания Лунд университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми воркшопқа қатысып, ғылыми жоба тақырыбы аясында зерттеу жұмысын жүргізді. Ғылыми іссапар ЖТН AP23485959 «Қазақстандағы климаттық көші-қон: салдарын түсіну және бейімделу стратегияларын жетілдіру» ғылыми жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылды. Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыруымен орындалуда. Іссапар барысында Нұрмұханқызы Дания «Legal Design for Good Governance: Lessons from Central Asia» атты халықаралық воркшопқа қатысып, «State Policy on Climate Migration: International Approaches and Kazakhstan’s Experience» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара аясында климаттық көші-қонды құқықтық реттеу, климаттық өзгерістерге бейімделу, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде тиімді мемлекеттік басқару және құқықтық дизайн қағидаттарын қолдану мәселелері талқыланды. Алынған материалдар, ғылыми талқылаулардың нәтижелері және жүргізілген зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының көші-қон және климаттық өзгерістерге бейімделу саласындағы мемлекеттік саясатын жетілдіру бойынша ғылыми жарияланымдар, аналитикалық қорытындылар мен практикалық ұсынымдар әзірлеуде пайдаланылатын болады.