МАГИСТРАТУРА

МАГИСТРАНТ КҮНТІЗБЕСІ

ІС-ШАРА АТАУЫ
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ
ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ
1
Кешенді тестілеу (КТ)
https://app.testcenter.kz
01.06 – 08.07 /
28.10 – 10.11
20.07 – 10.08 /
18.11 – 11.12
2
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы
12.08 – 18.08 /
12.12 – 18.12
 
3
Білім алушылар қатарына қабылдау
15.08 – 28.08 /
26.12 – 10.01
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден босатылатын жағдайлар
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тестілеуден, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Қағидаларға 2 -қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен және шет тілі бөлімінен босатылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі  білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау
Ғылыми-педагогикалық магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша Қағидаларға 7-қосымшаға (бұдан әрі – 7-қосымша) сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша Қағидаларға 7-1-қосымшаға (бұдан әрі – 7-1-қосымша) сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша Қағидаларға 8-қосымшаға (бұдан әрі – 8-қосымша) сәйкес оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.
І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖУ-ҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:
  1. Қабылдау жөнінде өтініш (қабылдау комиссиясында толтырылады);
  2. Жоғары білім туралы диплом 3 қосымшасымен (түпнұсқа);
  3. Жоғары білім туралы дипломның 3 қосымшасымен бірге көшірмесі;
  4. Жеке куәлік (eGov-тан) көшірмесі 2 дана;
  5. Көлемі 3×4 см 2 фотосурет;
  6. Көлемі 3×4 см фотосурет электронды түрде;
  7. Электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (флюрографиямен бірге)
  8. КТ сертификаты;
  9. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік немесе оқудың ақысын төлегені туралы түбіртек;
  10. Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда):
    • ағылшын тілін меңгеру бойынша: IELTS Academic шекті балл кемінде – 6.0 немесе TOEFL IBT шекті балл кемінде — 60;
    • неміс тілін меңгеру бойынша: DSH – В2 деңгейі немесе TDF – В2 деңгейі;
    • француз тілін меңгеру бойынша: TFI — оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес немесе DELF – В2 деңгейінен төмен емес немесе DALF — В2 деңгейінен төмен емес немесе TCF – В2 деңгейінен төмен емес;
  11. Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) түпнұсқасы көшірмесімен бірге;
  12. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
  13. «Электрондық үкімет» порталы жеке кабинетінің әскери есепке алу туралы мәліметінің баспа нысаны немесе әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
  14. Құжат тігетін бума (скоросшиватель), 10 файл.