ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ
Кеңсенің мақсаты: 2023-2029 жылдарға арналған «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті« КЕАҚ даму бағдарламасының 2-ші стратегиялық бағытын іске асыруға сәйкес ғылыми—зерттеу және ғылыми—инновациялық жұмыстарды жүргізу үшін университеттің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану
Міндеттер
- ҚР ҚЖБМ және өзге де ұйымдарды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және зерттеулердің іске асырылуын бақылау;
- Университеттің өз қаражатынан ішкі гранттар бойынша ғылыми жобалар конкурстарын өткізу;
- ғылыми зерттеулер бойынша жылдық есептерді, басшылық үшін ақпараттық материалдарды, ҚЖБМ ҚР, Президент жанындағы ҚР ҰҒА, "ҰМҒТСО"АҚ сұраулары бойынша дайындау;
- Ең дарынды студенттерді жобаларға ерте тарту, постдокторанттар мен профессор-зерттеушілерді кеңінен тарту есебінен ғылымның кадрлық әлеуетінің сапасын және ғылыми кадрлардың ұтқырлығын арттыру;
- ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысушыларға кеңес беру және сүйемелдеу үшін вебинарлар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу;
- студенттер мен оқытушылар бастамашылық ететін стартаптарға қолдау көрсетуді және жетекшілік етуді ұйымдастыру, соның ішінде менторлық және коммерцияландыру мәселелері бойынша кеңес беру;
- жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселесі бойынша мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл және үйлестіру;
- ғылымды, білім беруді және инновацияны интеграциялау үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Функциялар
- ПОҚ, докторанттар, магистранттар мен студенттер үшін ғылыми-зерттеу жобаларының гранттары туралы ақпараттық қамтамасыз ету;
- Университет қызметкерлерінің ғылыми зерттеулердің республикалық және өңірлік конкурстарына, сондай-ақ ҒЗЖ өткізу үшін гранттар алуға басқа ұйымдардың ғылыми конкурстарына қатысуын ұйымдастыру;
- ғылыми-зерттеу жобаларын тіркеу бойынша оқытушыларға, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге кеңес беру және сүйемелдеу;
- жобалар мен зерттеулердің орындалуын талдау, университеттегі ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесін жинақтау;
- қажетті құжаттаманы және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың жылдық есептілігін қалыптастыру үшін материалдар дайындау, олардың орындалу барысын үйлестіру, консультация беру және бақылау;
- дарынды зерттеушілерді анықтауға және қолдауға, жас ғалымдардың шығармашылық өсуіне жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
- семинарлар мен мастер-кластарды қоса алғанда, студенттер мен қызметкерлер үшін коммерцияландыру мәселелері бойынша консультациялық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ жарнамалық-ақпараттық және көрме қызметіне қатысу;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің қатаң сәйкестігінде негізгі міндеттерді ұйымдастыру;
- университеттің стратегиялық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету және өз құзыреті шеңберінде негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу;
-
Жобалық кеңсе қызметінің сапасын қамтамасыз ету және мониторингілеу, өз құзыреті шеңберінде тәуекелдерді басқару.
Біздің қызметкерлер
Абдрахим Мирас Еркінұлы
Кеңсе басшысы
+7 (728) 222 21-23
Қос.іш. (1142)
projects.zhu@gmail.com
Толығырақ
Беркинбаева Карима Дюсюмбаевна
Менеджер
+7 (728) 222 21-23 ;
Қос.іш. (1142)
projects.zhu@gmail.com
Қашағанова Әлия Болатқызы
Менеджер
+7 (728) 222 21-23 ;
Қос.іш. (1142)
projects.zhu@gmail.com
Исажанова Айжан Нурболатовна
Менеджер
+7 (728) 222 21-23 ;
Қос.іш. (1142)
projects.zhu@gmail.com
Туктубаев Бауыржан Батырбайұлы
Менеджер
+7 (728) 222 17-79 ;
Қос.іш. (1193)
projects.zhu@gmail.com