Колледж-Директор блогы

Құрметті талапкерлер мен сайт қонақтары!
Біздің колледждің сайтына қош келдіңіздер. «Zhansugurov college» 2018 жылы         І. Жансүгіров атындағы  Жетісу университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылып, қазіргі уақытта Жетісу облысында жетекші техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.
Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі маңызды және шешуші қадам. Бүгін дұрыс қабылданған шешім сізге болашақта сұранысқа ие маман және табысты адам болуға мүмкіндік береді.
               Біздің колледж өңірдің білім беру  саласында лайықты орын алады. Ол тек кәсіби білім алуға ғана емес, сонымен қатар әр адамның жеке тұлғасын дамытуға негіз болатын мейірімді, жоғары кәсіби,еңбекқор оқытушылар ұжымымен және студенттер ұжымымен ерекшеленеді.
Өз өмірін колледж қабырғасында оқуды қалағандарға біз кепілдік береміз:
 
— түлектердің сұранысы және жұмысқа орналасуы;
— жоғары білікті оқытушылар құрамы;
— білім беру саласындағы заманауи технологиялар мен инновацияларды пайдалану;
— қызықты студенттік өмір.
Біз талапкерлердің жасалған таңдауының  маңыздылығына күмәнданбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Біз сізді колледжге шақырамыз!

Құрметпен,
«Zhansugurov College»директоры
Ескендиров Бакитжан Нурсерикович