МОЛЕКУЛАЛЫҚ ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ ГЕНОМИКА ЗЕРТХАНАСЫ

Басты мақсаты: Заманауи ДНҚ технологияларын қолдану негізінде өсімдіктердің күрделі белгілерінің генетикалық және физиологиялық механизмдерін зерттеу арқылы маңызды ауылшаруашылық дақылдарының биотикалық дәне абиотикалық стресс факторларына төзімділігі мен икемделуін арттыру.

МІНДЕТТЕРІ
ФУНКЦИЯЛАРЫ
Жетістіктері
ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШ РЕТ
"SPEED BREEDING" ПЛАТФОРМАСЫН ҚҰРУ

Біз Орталық Азияда және Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын жедел сұрыптауға арналған «SPEED BREEDING» платформасын іске қосу арқылы алғашқы пионерлердің бірі болдық. Бұл инновациялық әдіс бізге жылына алты ұрпаққа дейін алуға мүмкіндік береді.

Зертханамызда сұрыптау және зерттеу үдерістерінің жылдамдығын айтарлықтай арттыратын арнайы протоколдар әзірленді. Осы протоколдар  дәнді-дақыл сұрыптарын жылдам өсіруге көмектеседі, нәтижесінде өнімділігі жоғары және төзімді дақылдар шығарылады.

Бұл платформада алғашқы өнім жиналып, жобаны іске асыруда маңызды кезеңге жеттік. Бұл біздің ауыл шаруашылығы зерттеулері мен инновацияларын дамытуға деген мүмкіндігімізді тағы да дәлелдейді.

АҒЫМДАҒЫ ГРАНТТАР

Атауы: Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу

Мақсаты: Геномика мен феномиканың заманауи құралдарымен Қазақстанда бидай өсіру тәжірибесін күшейтуге маңызды экономикалық белгілермен байланысқан геномдық вариацияларды анықтау және пайдалану.

АҒЫМДАҒЫ ГРАНТТАР

Атауы: BR24992903 «Экономикалық маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялауда заманауи молекулалық-генетикалық, физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық әдістер мен цифрлық фенотиптеуді практикалық енгізу» 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бидай мен арпаның жаңа сорттарын жылдам шығару жөніндегі жұмыстар кешені.

АҒЫМДАҒЫ ГРАНТТАР

Атауы: «Агробиоалуантүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау, қалпына келтіру, мониторинг жүргізу және ұтымды пайдалану жүйелерін дамыту селекциялық-генетикалық технологиясы негізінде ҚР-ның селекциясын жақсарту» аясында KASP генотиптеу жұмыстарының кешені.

ГРАНТТАР

Атауы: Қазақ бидайын жақсарту үшін жаңа генетикалық ресурстарды әзірлеу

Мақсаты: Гранттық жобаның негізгі мақсаты - замануи генетикалық стратегияларды пайдаланып, Қазақстанның және Ұлыбританияның коммерциялық бидай сорттарын будандастыру нәтижесінде алынған бидайдың төрт бипарентальді популяцияларын шығаруға және олардың әрқайсысының жоғары-тығыздықтағы генетикалық карталарын құруға бағытталған.

ГРАНТТАР

Атауы: Бидайдың бейімділуі мен өнімділігінің генетикалық бақылануын зерттеу

Мақсаты: Бидайдың биіктігін бақылайтын гендерді бейімделу мен өнімділіктің компаненттері ретінде зерттеу

ІС-ШАРАЛАР

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған) мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) 2024 жылдың 24-25 маусым күндері селекционерлер мен генетиктерге арналған «Орталық Азиядағы бидай генетикасы мен геномикасының 2-семинарын» өткізді.

Семинарды өткізуге төрт зертханадан тұратын Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институты, соның ішінде «Молекулалық генетика және геномика» зертханасы өз алаңын ұсынды. Семинардың мақсаты – Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары өнімді әрі төзімді бидай сорттарын әзірлеу.

Семинардың тақырыптары төзімді дақылдарды алдын ала селекциялау, бидай сорттарын жақсарту, гибридті бидай, Speed breeding, молекулалық селекция және KASP генотиптеуді қамтыды. Қазақстанның жеті ғылыми-зерттеу институты мен университеттерінен келген қатысушылар Пәкістан мен Түркияның халықаралық сарапшыларымен, соның ішінде IOFS директоры, танымал бидай селекционерлерімен пікір алмасты.

 

ІС-ШАРАЛАР

Атауы: “2023 Орта Азиялық бидай генетикасы мен геномикасы семинары”, 30 қаңтар – 02 ақпан 2023 ж., Жетісу университеті, Талдықорған.

Мақсаты: Ғылыми семинар бидайдың замануи селекциясында генетикалық және геномикалық әдістерді қалай сәтті қолдану керектігін көрсетуге бағытталған. Курс қатысушылардың тәжірибесіне сәйкес әзірленеді және генетикалық картаны құру, QTL карталау, GWAS, RNA seq, және биоинформатикалық және геномдық ресурстарды таныстыру сияқты маңызды тақыраптарды қамтиды.

Қатысушылар: Мақсатты қатысушылар бидай немесе дақылдармен жұмыс істейтін жас ғалымдар.

Қаржыландырушы және қабылдаушы ұйым: Семинар толығымен Джон Иннес Орталығымен қаржыландырады (Ұлыбритания). Қатысушылардың (негізінен Орталық Азия мемлекеттерінен) жол жүруі, тұрғылықты жері және үш мезгіл тамақтануы сияқты барлық шығындар ұйымдастырушылар тарапынан төленеді. Семинардың Қазақстандағы қабылдаушысы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті.

Ұйымдастырушылар:

  • Профессор Кристобал Уауи , бидай генетикасы және геномикасы.
  • Др Лютзи Уинген, статистикалық және биоинформатикалық талдаулар, және бидай генетикасы мен геномикасы бойынша мәліметтерді басқару.
  • Анна Бахус, PhD кандидат, бидай гүлінің генетикалық архитектурасын зерттеуде.
  • PhD Канат Ермекбаев, қабылдаушы, Қазақ бидайының бейімделуі мен өнімділігінің генетикалық бақылауын зерттеуде
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯДАН ӨТУ

Атауы: Халықаралық ICPBB 2024 конференциясы «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының» 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Конференцияға 15 елден 200-ден астам ғалым қатысты. Конференция аясында екі тақырыптық семинар өтті:

  1. Орталық Азияның жабайы флорасының биоалуантүрлілігі.
  2. OXFORD NANOPORE СЕКВЕНСИРЛЕУ: өсімдік геномикасы мен фитопатологиясының жаңа мүмкіндіктері (TechPrime LLP компаниясымен бірлесе отырып (Қазақстан)).

Конференцияда молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі, PhD Қанат Ермекбаев Абайұлы, кіші ғылыми қызметкер Аделия Хамитова, сондай-ақ генетика, геномика, селекция, физиология, биохимия және өсімдік биотехнологиясы саласындағы отандық және шетелдік жетекші ғалымдар пленарлық және ауызша баяндамалар жасады. Dr. Қанат Ермекбаев «Қазақстандық бидай генетикалық қорындағы өсімдік биіктігін бақылайтын негізін қалаушы әсерін еңсеру» тақырыбында баяндама жасады (AP23488859 «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу» жобасы аясында). Кіші ғылыми қызметкер Әделия Хамитова «Қазақстандық бидай геномын бейімдеудің генетикасына жарық түсірген төрт карталанатын популяция мен олардың генетикалық карталары» тақырыбында баяндама жасады (AP15473186 «Қазақ бидайын жақсату үшін жаңа генетикалық ресурстарды әзірлеу» аясында).

Конференция барысында жаңа геномдық және феномдық технологияларды қолдану арқылы селекциялық және генетикалық зерттеулерді дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Молекулалық генетика және геномика зертханасының жас ғалымдары бұл форумда заманауи ғылым көшбасшыларының дәрістерін тыңдау, өз жұмыстарын таныстыру және өсімдік биотехнологиясының өзекті мәселелерін талқылау арқылы баға жетпес тәжірибе жинады. 2-курс PhD докторанты Сартбаева Жұлдыз жас ғалымдар арасындағы постерлік баяндамалар бойынша екінші орынды, ал кіші ғылыми қызметкер Абдуакасов Айбек үшінші орынды иеленді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯДАН ӨТУ

Атауы: «THE 8th ASIA-PACIFIC CHROMOSOME COLLOQUIUM» (APCC8).

Мақсаты: 2023 жылдың 17-25 қыркүйек аралығында Tekirdağ (Түркия), Namık Kemal Üniversitesi-інде халықаралық ғылыми конференция өтті ондағы  басты мақсат қазіргі цитогенетика саласындағы ғылыми ақпаратпен алмасу болды.

          Бағдарлама хромосомалық ғылым мен цитогенетика саласындағы көптеген зерттеулер мен тақырыптарды қамтыды, оның ішінде:

- Цитогенетиканы медицинада және

ауыл шаруашылығында қолдану;

- Хромосомалық инженерия;

- Жасушалық цикл және бөліну;

- В-хромосомалар;

- Хромосомалық аберрациялар;

- Геном құрылымы және эпигенетика

және басқа да көптеген аспектілер.

          Біздің университеттің зерттеу тобының мүшелері, АР15473186 "Қазақ бидайын жақсарту үшін генетикалық ресурстарды әзірлеу" жобасының жетекшісі Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Қанат Абайұлы Ермекбаев және Молекулалық генетика және геномика зертханасының кіші ғылыми қызметкері Жұлдыз Бауыржанқызы Сартбаева аталмыш ғылыми конференцияға қатысты. Жоба орындаушысы, PhD 2-курс студенті Сартбаева Жұлдыз  13-тен астам мемлекеттің қатысуымен өткен  конференцияда постерлік баяндамалар бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды.

Халықаралық бағдарлама бойынша толығырақ  "8th Asia-Pacific Chromosome Colloquium (APCC8)" симпозиумын іс-шараның ресми сайтынан алуға болады: http://apcc2023.nku.edu.tr/

 

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

    Ермекбаев Канат Абаевич

    Зертхана меңгерушісі

    +7 (708) 320 98 68
    Қос. ішкі: (1174)

     kanat.yermekbayev@gmail.com

      Бәкірова Айгерім Шакимұратқызы

      Аға ғылыми қызметкер м. а.


      Қос. ішкі: (1174)

      bakirova0202@gmail.com

        Сартбаева Жулдыз Бауржановна

        Кіші ғылыми қызметкер м. а.


        Қос. ішкі: (1174)

        sartbaeva98@list.ru

          Абдуакасов Айбек Серікқажыұлы

          Кіші ғылыми қызметкер м. а.

          +7 777 122 03 01
          Қос. ішкі: (1174)

          aibek.abduakas@mail.ru

          aibek.abduakas@gmail.com

            Шокен Мади Айдарұлы

            Кіші ғылыми қызметкер м. а.


            Қос. ішкі: (1174)

            madi.shoken.04@mail.ru