МОЛЕКУЛАЛЫҚ ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ ГЕНОМИКА ЗЕРТХАНАСЫ

Басты мақсаты: Заманауи ДНҚ технологияларын қолдану негізінде өсімдіктердің күрделі белгілерінің генетикалық және физиологиялық механизмдерін зерттеу арқылы маңызды ауылшаруашылық дақылдарының биотикалық дәне абиотикалық стресс факторларына төзімділігі мен икемделуін арттыру.

МІНДЕТТЕРІ
ФУНКЦИЯЛАРЫ
Жетістіктері
АҒЫМДАҒЫ ГРАНТТАРЫ

Атауы: Қазақ бидайын жақсарту үшін жаңа генетикалық ресурстарды әзірлеу

Мақсаты: Гранттық жобаның негізгі мақсаты - замануи генетикалық стратегияларды пайдаланып, Қазақстанның және Ұлыбританияның коммерциялық бидай сорттарын будандастыру нәтижесінде алынған бидайдың төрт бипарентальді популяцияларын шығаруға және олардың әрқайсысының жоғары-тығыздықтағы генетикалық карталарын құруға бағытталған.

АҒЫМДАҒЫ ГРАНТТАРЫ

Атауы: Бидайдың бейімділуі мен өнімділігінің генетикалық бақылануын зерттеу

Мақсаты: Бидайдың биіктігін бақылайтын гендерді бейімделу мен өнімділіктің компаненттері ретінде зерттеу

ІС-ШАРАЛАР

Атауы: “2023 Орта Азиялық бидай генетикасы мен геномикасы семинары”, 30 қаңтар – 02 ақпан 2023 ж., Жетісу университеті, Талдықорған.

Мақсаты: Ғылыми семинар бидайдың замануи селекциясында генетикалық және геномикалық әдістерді қалай сәтті қолдану керектігін көрсетуге бағытталған. Курс қатысушылардың тәжірибесіне сәйкес әзірленеді және генетикалық картаны құру, QTL карталау, GWAS, RNA seq, және биоинформатикалық және геномдық ресурстарды таныстыру сияқты маңызды тақыраптарды қамтиды.

Қатысушылар: Мақсатты қатысушылар бидай немесе дақылдармен жұмыс істейтін жас ғалымдар.

Қаржыландырушы және қабылдаушы ұйым: Семинар толығымен Джон Иннес Орталығымен қаржыландырады (Ұлыбритания). Қатысушылардың (негізінен Орталық Азия мемлекеттерінен) жол жүруі, тұрғылықты жері және үш мезгіл тамақтануы сияқты барлық шығындар ұйымдастырушылар тарапынан төленеді. Семинардың Қазақстандағы қабылдаушысы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті.

Ұйымдастырушылар:

  • Профессор Кристобал Уауи , бидай генетикасы және геномикасы.
  • Др Лютзи Уинген, статистикалық және биоинформатикалық талдаулар, және бидай генетикасы мен геномикасы бойынша мәліметтерді басқару.
  • Анна Бахус, PhD кандидат, бидай гүлінің генетикалық архитектурасын зерттеуде.
  • PhD Канат Ермекбаев, қабылдаушы, Қазақ бидайының бейімделуі мен өнімділігінің генетикалық бақылауын зерттеуде
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯДАН ӨТУ

Атауы: «THE 8th ASIA-PACIFIC CHROMOSOME COLLOQUIUM» (APCC8).

Мақсаты: 2023 жылдың 17-25 қыркүйек аралығында Tekirdağ (Түркия), Namık Kemal Üniversitesi-інде халықаралық ғылыми конференция өтті ондағы  басты мақсат қазіргі цитогенетика саласындағы ғылыми ақпаратпен алмасу болды.

          Бағдарлама хромосомалық ғылым мен цитогенетика саласындағы көптеген зерттеулер мен тақырыптарды қамтыды, оның ішінде:

- Цитогенетиканы медицинада және

ауыл шаруашылығында қолдану;

- Хромосомалық инженерия;

- Жасушалық цикл және бөліну;

- В-хромосомалар;

- Хромосомалық аберрациялар;

- Геном құрылымы және эпигенетика

және басқа да көптеген аспектілер.

          Біздің университеттің зерттеу тобының мүшелері, АР15473186 "Қазақ бидайын жақсарту үшін генетикалық ресурстарды әзірлеу" жобасының жетекшісі Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Қанат Абайұлы Ермекбаев және Молекулалық генетика және геномика зертханасының кіші ғылыми қызметкері Жұлдыз Бауыржанқызы Сартбаева аталмыш ғылыми конференцияға қатысты. Жоба орындаушысы, PhD 2-курс студенті Сартбаева Жұлдыз  13-тен астам мемлекеттің қатысуымен өткен  конференцияда постерлік баяндамалар бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды.

Халықаралық бағдарлама бойынша толығырақ  "8th Asia-Pacific Chromosome Colloquium (APCC8)" симпозиумын іс-шараның ресми сайтынан алуға болады: http://apcc2023.nku.edu.tr/

 

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

    Ермекбаев Канат Абаевич

    Зертхана меңгерушісі

    +7 (708) 320 98 68
    Қос. ішкі: (1174)

     kanat.yermekbayev@gmail.com

      Сартбаева Жулдыз Бауржановна

      Кіші ғылыми қызметкер м. а.


      Қос. ішкі: (1174)

      sartbaeva98@list.ru

        Шокен Мади Айдарұлы

        Кіші ғылыми қызметкер м. а.


        Қос. ішкі: (1174)

        madi.shoken.04@mail.ru

          Хамитова Аделия Женисовна

          Кіші ғылыми қызметкер м. а.


          Қос. ішкі: (1174)

          adeliya.khamitova2000@gmail.com