БИОТЕХНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

БМҒЗИ-ның мақсаты: қолданбалы маңызға ие және жоғары рентабельді өндіріс құру мен ғылыми-зерттеуде жетекші орын алатын, өндірістік технологияларға жол ашатын ғылыми жобаларға тарту негізінде жас мамандарды даярлау және қалыптастыру арқылы әлемнің жоғары дамыған елдерінің қатарына шығуға мүмкіндік беретін, негізгі экономикалық, ауыл шаруашылық проблемаларын шешуге қабілетті ғылыми-зерттеу институтын құру.

  • Міндеттері
  • Функциялары
  • Жетістіктері
  • Қызметкерлері
міндеттері
  • Іргелі зерттеулер дамуының басымдылығын ескере отырып, жаратылыстану ғылымдары саласында жаңа білімнің негізін қалыптастырып, ғылыми бағыттағы мектептерді дамыту;
  • Облыстың мәдени - әлеуметтік дамуындағы өзекті міндеттерді шешу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу, ұйымдастыру әдістерімен білім берудегі технологияларды жетілдіру;
  • Жоғары білім жүйесінің дамуын, теориялық және әдістемелік негізінің қалыптасуын зерттеу және жобалау; білім берудегі және тәрбие процесіндегі мәселелерді шешуде ғылымның әсерін нығайту; жоғары білімнің дамуы үшін ғылымның сипатын айқындайтын негізін сақтау және нығайту;
  • Зерттеу процесінің және жобалау әдістемесінің жаңа формаларын іздестіру (зерттеу әдістемесі, есептеу және модельдеу);
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде жас оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға жаппай тарту, оқыту әдістері мен зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістерін үйрету, білім беруді жаңғырту, потенциалды зерттеулердің нәтижесін білім беру процесіне жаппай енгізу мақсатында университет кафедраларымен тығыз байланыста болу;
  • Кафедрамен бірлесе отырып ғылыми кадрлар даярлау, университет докторантурасы арқылы, профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық біліктіліктерін арттыруға бағыттау;
  • Ғылыми міндеттерді бірлесіп шешу, өндірістік және жоғары технологиялармен ғылымды көп қажет ететін өнімдерді техникалық даярлау, әлеуметтік-экономикалық салаларда жоғары оқу орындарының әзірлемелерін пайдалануды кеңейту мақсатында ғылыми-зерттеу, жоба-конструкторлық, технологиялық мекемелер және шаруашылық субъектілерімен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа, прогресивті түрлерін дамыту;
  • Университеттің жоғары технологиялық өнімдерінің халықаралық нарығына университет ұжымының шығуы, жоғарғы оқу орындарындағы ғылымның нығаюы және дамуының негізі ретінде зерттеушілер мен өнертапқыштардың зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау үшін жағдай жасау;
  • Ғылым мен білімнің халықаралық жүйесіне шығу мен ғылыми өнімді бірлесіп даярлау мақсатында шетелдік білім беру мекемелерімен және кәсіпорындарымен, халықаралық фондтармен ғылыми ынтымақтастықты кеңейту;
  • Мемлекеттік және аймақтық ғылыми-техникалық жобалар, ҚРБҒМ-і, отандық және халықаралық қорлар, шаруашылық келісім-шарттар арқылы бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру есебінен ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық негізін дамыту.
Миссиясы
  • БМҒЗИ-ның қызметінің миссиясы – ғылыми зерттеулерді жобалау, ұйымдастыру және қамтамасыздандыру, жоғары квалификациялы ғылыми кадрларды даярлау, Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту мен тұрақтандыруға бағытталған зерттеу нәтижелерін өндірістің сәйкес келетін саласына және университеттің оқу үрдісіне дайындау және енгізу болып табылады.
Қызмет бағыты
  • Қазақстан Республикасының, жалпы Алматы облысының технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдениеттік дамуына ықпал ететін биогеотехнология және агробиотехнология салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Институттың негізгі құрылымдық бөлімшелері – зертханалар болып табылады. Биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты 9 қызметкерден құралған.
Жетістіктері

Біліктілікті арттыру туралы сертификаттар: «Менеджмент в образовании» (72 сағат), «Қашықтан оқыту жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастыру» (36 сағат).

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Әшімхан Тоқтасынұлы Қанаев «ЖОО Үздік оқытушысы — 2019» сыйлығының иегері атанды.

№ 4886 ПАЙДАЛЫ МОДЕЛІНЕ ПАТЕНТ.

Басшылық
Готовое Канаев А.Т

    Қанаев Әшімхан Тоқтасынұлы

    Директор

    +7 (701) 820 27 87
    Қос. ішкі: (1175)

    ashim1959@mail.ru