Әлеуметтік-шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлім

          Әлеуметтік-шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлімінің  мақсаты – ЖОО тәрбие   жұмысы мен әлеуметтік сұрақтарды үйлестіру, жастардың бойында азаматтық, патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыта отырып, жоғары кәсіби мәдениетті, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маман тұлға қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға бағыт-бағдар беру.

  • Міндеттері
  • Функциялар
  • Жетістіктері
  • Қызметкерлер
Міндеттері
  • Университеттің әлеуметтік -шығармашылық үрдісін ұзақ мерзімді және ағымдық жоспарлау және іске асуын қамтамасыз ету;
  • Университеттің әлеуметтік-шығармашылық жұмысын «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» көзқарасы негізінде іске асыру, қазақстандық бірегейлік пен бірлік құндылықтарына, рухани-адамгершілік құндылықтарға бағыттау;
  • Жауапкершілік, еңбексүйгіштік, патриотизм, жоғары рухани құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған шаралар арқылы студенттерге тиімді университеттік орта қалыптастыру;
  • Іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру (студенттер мен қызметкерлердің қызығушылығына бағытталған дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары, кездесулер, ашық әңгіме, дәрістер, конференциялар, т.б.);
  • Студенттер бойында эстетикалық және мәдени құндылықтарды қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
    дамуға бағытталған оңтайлы мәдени орта құру, білімгерлердің жеке басының және олардың шығармашылық әлеуетінің жан-жақты дамуына қосымша жағдайлар жасау;
  • Әлеуметтік-шығармашылық жұмыстың негізгі буындарының (декан орынбасаралары, студенттік топтардың кураторлары, студенттік өзін-өзі басқару органдары, басқа да қоғамдық бірлестіктер) қызметерін үйлестіру;
  • Академиялық топтарда кураторлық сағаттар, интеллектуалды ойындар, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізу бойынша ұсыныстар жасау;
  • Мүмкіндігі шектеулі студенттерге көмек көрсету кезінде, сондай-ақ білімгермен аяқ асты жағдайлар орын алғанда кураторлармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), әлеуметтік қызметтегі мамандарымен өзара әрекеттесу;
  • Қалалық, облыстық әкімшілікпен, басқармалармен, өзге де бастамашыл ұйымдармен байланыс орнату;
  • Жатаханада тұратын студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелік және қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, студенттерге тұрғын үй және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Қызметтері
  • Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес тәрбие жұмысын жоспарлау және бақылау, ақпараттық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және оны университетте жүзеге асыру;
  • Университет білімгерлерінің санасы мен ойлауының жаңа моделін қалыптастыру мақсатында «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыруға арналған тәрбие жұмыстарының кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Жоспарға сәйкес тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша университетішілік іс-шаралар өткізу;
  • Студенттік ортада құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша қызметтер, атап айтқанда темекі тарту, ВИЧ-инфекция, есірткінің таратылуы, т.б. алдын алу шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
  • Университет бойынша патриоттық, азаматтық, экологиялық тәрбиені, жоғары мораль мен адамгершілікті, құқықтық мәдениетті, конфессияаралық төзімділікті қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Студенттердің әлеуметтік сұрақтарын шешуде көмек көрсету, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі білімгерлерге қолдау көрсету мақсатында қала, облыстың мүдделі ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқару;
  • Өзін-өзі көрсете алатын, өзін-өзі дамыта алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, жауапкершілікті сезінетін және қоғамға пайда әкелгісі келетін әлеуметтік құзыретті тұлғаны қалыптастыру;
  • Бөлім құрамындағы шығармашылық ұжымдардың, би ансамблі, вокалды-аспаптар ансамблі, студиялардың, вокалистердің, домбыра ансамблі, студенттер театрының жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Университет қабырғасында өтетін іс-шараларды музыкалық аппараттармен және жарықпен қамтамасыз ету, жастардың шығармашылық әлеуеттерін ашу мақсатында шараларды ұйымдастыруға көмектесу;
  • Кураторлардың жұмысын ұйымдастыру;
  • Тәрбие жұмысына қатысты тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер, конференциялар, кездесулер, ашық дәрістер, т.б., ұйымдастыруға ықпал ету;
  • Университеттегі қоғамдық тәртіпті, жатаханада тұру ережелерін, ішкі тәртіп бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар мен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Жетістіктер

"Қазандағы  қамқорлық" байқауы өтті

01.10-30.10.2020ж. күндері аралығында әлеуметтік-шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлім мен университет кәсіподағының ұйымдастырумен «Қазандағы қамқорлық» байқауы өтті. Байқау мақсаты - кураторлар мен студенттер арасында, академиялық топтарда рухани, мәдени, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту, әлеуметтік-қоғамдық белсенділікті арттыру. Іс-шара келесі бағыттар бойынша өтті: балалар және қарттар үйіндегі, жалпы мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау, экологиялық, мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, оқушы, студент жастар мен әлеуметтік топтарға білім беру, шығармашылық және қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру және т.б. 

"Абайды оқы, танып біл" атты онлайн интелектуалдық байқауы өтті

және әлеуметтік-шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын арналып өткізілген республикалық «Абайды оқы, танып біл» атты онлайн интелектуалдық байқауы өткізілді. Байқауға еліміздің түкпір-түпкірінен он беске тарта ЖОО қатысты. Жүзден жүйрік болғандары бағалы сыйлықтармен марапатталып, алғыс хаттар табысталды.

Студенттерге жаңа жатахана табысталды.

2020 жаңа оқу жылының басында университетімізге студенттерге арналған жаңа жатақхананың кілті табыс етілді. Жатақхана 288 орынға арналған,  соңғы үлгідегі  заманауи құралдармен жабдықталған. Студенттердің қолайлы өмір сүруіне барлық жағдайлар жасалған. Жатақхана ішінде кітапхана, кинотеатр, асхана, демалыс бөлмелері бар.

"Жастар - адалдық жаршысы" тақырыбында жастар акциясы өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде республикалық "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің басшысы, "Құрмет" орденінің иегері Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышевтың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, экономика ғылымдарының докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлының және «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлының қатысуымен "Жастар - адалдық жаршысы" тақырыбында студент жастар акциясы өтті.

 Облыстық пікір сайыс турнирі өтті

Әлеуметтік-шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық пікір-сайыс турнирі өтті. Турнирге ЖОО мен арнаулы және орта білім оқушылары қатысты. Пікір-сайысқа жалпы саны 11 команда қатысып, нәтижесінде 3 орын – 16 және 19 мектеп-гимназияның «Демеушіміз ISQ» тобына, 2 орын – НЗМ «Глоболус» тобына, 1 орын НЗМ «Тоторо» тобына бұйырды. Сонымен қатар, Қажибекова Нұрай (НЗМ) «Үздік спикер», Елубай Ақерке мен Қызайбеков Елдар (ЖУ) «Үздік делегация» номинациясын иеленді. 

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Калибек Асем Абайқызы


Бөлім басшысы


+7(7282)221667

(ішкі нөмір 1122)

zhastar@zu.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Немелбаев Еркебұлан Алимбатырұлы

Дінтанушы

+7(7282)221667
(ішкі нөмір 1122)
zhastar@zu.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Марат Еламан Саятұлы

Аға мәдени ұйымдастырушы

+7(7282)221667
(ішкі нөмір 1122)
zhastar@zu.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Капсимет Эльмира Мұратқызы

Мәдени ұйымдастырушы


+7(7282)221667
(ішкі нөмір 1122)
zhastar@zu.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сейсебаев Талгат Ешенович

Аға техник

+7(7282)221667
(ішкі нөмір 1122)
zhastar@zu.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бутембаев Бахытжан

Аға техник

+7(7282)221667
(ішкі нөмір 1122)
zhastar@zu.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аскарбеков Рустем


Техник

+7(7282)221667
(ішкі нөмір 1122)
zhastar@zu.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ