Бакалавриат

Шетел азаматтарын қабылдау ережесі

Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖУ-не қабылдау комиссиялары өткізетін сұхбаттасу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын қабылдау тәртібі:

  1. Құжаттарды тапсыру.
  2. Сұхбаттасу.
  3. Оқуға келісім-шарт жасау, оқуға ақы төлеу.
  4. Медициналық құжаттарды ұсыну.
  5. Білім алушылар құрамына қабылдау.
  6. Көші-қон есебіне қою.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келген шетел азаматтары сұхбаттасуға жіберіледі, сондай-ақ өз бетімен қонақ немесе туристік виза бойынша. ҚР-ға өз бетінше келген шетел азаматтары ЖОО-ға түсу мақсатында ҚР-да шетел азаматтарының болу ережелерін, қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті.

Шетел азаматтары, ЖУ-нің бакалавриаттын білім беру бағдарламаларына түсу үшін, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. жалпы орта (толық) білімі туралы немесе кәсіптік орта білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат не жалпы орта (толық) білімі туралы немесе кәсіптік орта білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатқа ҚР баламасымен танылатын шет мемлекеттің білім туралы құжаты, қоса (сағат саны мен оқылған пәндер туралы, бағалары көрсетілген);
  2. білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері және олардың қазақ және / немесе орыс тілдеріндегі ресми куәландырылған аудармалары;
  3. түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (паспорты) және оның қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы бар нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  4. 3 x 4сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;

Аударма мәтінін білім туралы құжаттарды берген елдегі Қазақстан Республикасының нотариусы немесе консулдығы куәландыруы тиіс. ТМД елдерінде берілген орта (толық) жалпы білім туралы құжаттар заңдастыруды талап етпейді ( немесе «апостиль» штапмы). Барлық аударымдар кіру визасында көрсетілген аты-жөні мен атына рәсімделуі тиіс. Шетел азаматы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді ұсынған жағдайда, ЖМУ оған құжаттарды қайтаруға және білім алушылар қатарынан шығаруға құқылы.

  • Қабылдау комиссиясының Call-орталығы
  • Виртуалды қабылдау комиссиясы
  • ҰБТ форматы
  • ЖОО-ға түсу үшін нормативтік құжаттар
  • Оқуға түсу емтихандарының бағдарламалары, кестесі
  • 2021-2022 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
  • Грантқа түскен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсушілердің орташа балдары
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережесі
  • Оқуға қабылдау
  • Бакалавриат мамандықтары туралы ақпарат
  • Оқу бағасы
  • БАСҚА ЖОО –ДАН АУЫСУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНУ