Бакалавриат
Шетел азаматтарын қабылдау ережесі
Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖУ-не қабылдау комиссиялары өткізетін сұхбаттасу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Шетел азаматтарын қабылдау тәртібі:
Құжаттарды тапсыру.
Сұхбаттасу.
Медициналық құжаттарды ұсыну.
Оқуға келісім-шарт жасау, оқуға ақы төлеу.
Білім алушылар құрамына қабылдау.
Көші-қон есебіне қою.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келген шетел азаматтары сұхбаттасуға жіберіледі, сондай-ақ өз бетімен қонақ немесе туристік виза бойынша. ҚР-ға өз бетінше келген шетел азаматтары ЖОО-ға түсу мақсатында ҚР-да шетел азаматтарының болу ережелерін, қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті.
Шетел азаматтары, ЖУ-нің бакалавриаттын білім беру бағдарламаларына түсу үшін, келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Жалпы орта (толық) білімі туралы немесе кәсіптік орта білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат не жалпы орта (толық) білімі туралы немесе кәсіптік орта білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатқа ҚР баламасымен танылатын шет мемлекеттің білім туралы құжаты қосымшасымен (сағат саны мен оқылған пәндер туралы, бағалары көрсетілген);
Білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған 2 көшірмесі және олардың қазақ және / немесе орыс тілдеріндегі ресми куәландырылған аудармалары;
Түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (паспорты) және оның қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы бар нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Өлшемі 3×4 см 2 фотосурет;
Өлшемі 3×4 см цифрлық фотосурет;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.
Аударма мәтінін білім туралы құжаттарды берген елдегі Қазақстан Республикасының нотариусы немесе консулдығы куәландыруы тиіс. ТМД елдерінде берілген орта (толық) жалпы білім туралы құжаттар заңдастыруды талап етпейді ( немесе «апостиль» штапмы). Барлық аударымдар кіру визасында көрсетілген аты-жөні мен атына рәсімделуі тиіс. Шетел азаматы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді ұсынған жағдайда, ЖУ оған құжаттарды қайтаруға және білім алушылар қатарынан шығаруға құқылы.
-
ЖОО-ға түсу үшін нормативтік құжаттарЖОО-ға түсу үшін нормативтік құжаттар
-
Шетелдіктерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақтарға арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін стипендиялық бағдарлама туралыШетелдіктерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақтарға арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін стипендиялық бағдарлама туралы
-
Бакалавриат білім беру бағдарламалары туралы ақпаратБакалавриат білім беру бағдарламалары туралы ақпарат
-
Оқу бағасыОқу бағасы
-
Бакалавриатқа түсудің пререквизиттеріБакалавриатқа түсудің пререквизиттері
-
Басқа ЖОО-дан ауысу және қайқа қабылдануБасқа ЖОО-дан ауысу және қайқа қабылдану
