Ғали Орманов атындағы кітапхана
Ғали Орманов атындағы кітапхананың мақсаты — инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру, жайлы кітапхана аясын ұйымдастыру, кітапханалық процесстерді автоматтандыру және электрондық кітапхананы дамыту.
-
МіндеттеріМіндеттері
-
Кітапхана қызметінің бағыттарыКітапхана қызметінің бағыттары
-
Электрондық кітапханаЭлектрондық кітапхана
-
ҚызметкерлерҚызметкерлер
Міндеттері
- Профессор-оқытушылар құрамының және студенттердің ғылыми және кәсіби қажеттілігіне қажетті әдебиетпен қамсыздандыруды;
- Оқырмандардың табысты жұмысы үшін жайлы кітапхана кеңістігін құру;
- Кітапхана жұмысының сапасын арттыру мақсатында кітапхана жұмысының тәжірибесіне жаңа технологияларды енгізу;
- Кітапхана қорының кітаптарын цифрлау және "ЖУ кітапхана қоры" жеке электрондық базасын толықтыру;
- Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу, заманауи технологиялар негізінде кітапханада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- Университеттің деканаттарымен, кафедраларымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдарымен кітапхана қызметін үйлестіру.
Кітапхана қызметінің бағыттары
- Ақпараттық қажеттіліктерге сәйкес университеттің студенттеріне, профессор-оқытушылар құрамына және ғылыми қызметкерлеріне толық және жедел кітапханалық, ақпараттық қызмет көрсету;
- Ғылыми және мәдени мұра қорын насихаттау, ашу және сақтау;
- ЖОО бейініне және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру.
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Введите текст заголовка
Байланыс деректері
Телефон:
+7 (7282) 22-08-10, ішкі 1180
Электрондық пошта:
karasaeva_b@mail.ru
biblio_zhu@mail.ru
Мекенжай:
Талдықорған қ.,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
Қаблиса Жырау көшесі, 202
