Ансабаев Дуйсен Сандыбаевич
Дәрежесі: Педагогика ғылымдарының кандидаты
Қызметі: Қауымдастырылған профессор (доцент)
білімі
- 1971-1975 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды.
- 2004 жылы «13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті)» мамандығы бойынша «Орта мектептің 5-9 сыныптарында лирикалық шығармаларды оқыту» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
- 2009 жылы «Әдебиеттану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алды.
жетістіктері
2003 ж. М.Тынышбаев медалі
2012 ж. ҚР Білім және ғылым Министрлігі Алғыс хат
2012 ж. Кербұлақ ауданының «Құрметті Азаматы»
2014 ж. Ғылымға қосқан үлесі үшін төс белгі
2014 ж. ЖМУ-дің құрметті Профессоры
2016 ж. І. Жансүгіров медалі
2022 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалі, 30.09.2022 ж.
ғылыми еңбектері
90-ға жуық ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.
Оқу және оқу-әдістемелік құралдар:
1. «Орта мектепте лирикалық шығармаларды оқыту» атты оқулығы, 2007.
2. «Шығыс әдебиеті» оқулығы, 2008.
3. «Қазақ әдебиеті пәнінен өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибе әдістемесі» әдістемелік құралы, 2017.
Жинақтар:
1. 2006 жылы «Жетісу жырлайды», «Толғауы тоқсан туған тіл» атты Алматы облысы ақындарының өлеңдер жинақтарына жырлары енгізілген.
2. 2011 жылы Алматы облысының әкімі Аңсар Тұрсынханұлы Мұсахановтың қолдауымен «Жүректегі жазулар» атты жыр жинағы жарық көрді.
3. 2012 жылы «Қызылжардың қыраны» атты кітабы шықты.
4. 2015 жылы «Талантқа тағзым» атты кітабы жарық көрген.
5.2018 ж. «Балаларға базарлық», «Кием менің Күреңбелім» атты жинақтары баспадан шықты.
