AP08053050 – Қазақстан Республикасында білім берудің лингвоэкологиялық моделін қалыптастыру: теориясы мен тәжірибесі

Жоба туралы қысқаша ақпарат  

 Жобаның атауы: AP08053050 – Қазақстан Республикасында білім берудің лингвоэкологиялық моделін қалыптастыру: теориясы мен тәжірибесі (іске асыру кезеңі 2020-2022 жж.)  

 Реферат: ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында білім беру эволюциясының жаңа сатысы – ноосфералық білім беру кезеңі басталды. Оның басты мақсаты – қазіргі дәуірдегі ең үздік әлемдік және отандық психология-педагогикалық тәжірибені ықпалдастыру және ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне қарсы тұра алатын білім беру жүйесін жасау. Ол жас ұрпақтың тәрбиесі мен дайындығының әлемнің жалпыға ортақ заңдылықтарына сәйкес болуын, білім нәтижесінің әлемдік табиғи ортаны сақтауға бағытталуын, білімгерлердің физикалық, психикалық саулығын сақтауды көздейді. Лингвоэкология тілдің екіжақты қызметін қарастырады: сөзді дұрыс пайдалану тілді де, адамның денсаулығын да сақтайды, ал  сөзді теріс пайдалану тілді де, адамның денсаулығын да бұзады. Ұстаздың негізгі қаруы тіл екенін ескерсек, болашақ мамандарға педагогикалық қарым-қатынас экологиясын меңгерту, сөз құдіретін дұрыс бағытта пайдалана білуді игерту аса маңызды. Тіл экологиясы  экологиялылық шарттарын сақтай отырып қатысым құруды да үйретеді. Лингвоэкология жас ұрпақтың тілдің болашағына деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, тілдік ортаға қамқорлық жасауына жол ашады. Өйткені тілдік ортаны саламатты ұстау қоғамды құрайтын тілдік тұлғалардың лингвоэкологиялық құзыреттілігіне тәуелді. Бүгінде адамзат тіршілігінің барлық саласында орын алып жатқан ықпалдасу үдерістері саяси, экономикалық, мәдени және білім беру салаларын ерекше қамтыды. Қазақстандық қоғамның бәсекеге қабілетті маман дайындауда көптілді тұлға қалыптастыруды көздеуі, үштілді оқытудың білім берудің барлық сатыларында басым бағытқа айналуы мен тіл экологиясы қағидаларын негізге алатын көптілді білім беру жүйесінің жоқтығы арасындағы қайшылық лингвоэкологиялық білім берудің маңыздылығын көрсетеді. Көптілді білім беру жағдайында қазақ тілін тек қана меңгеру жеткіліксіз, оған құндылықтық қатынас қалыптастыру, «таза» күйінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу маңызды. Демек, білім берудің лингвоэкологиялық моделін жасау бүгінгі күннің сұранысынан туып отыр.Қазақ тіл білімінде тіл экологиясының теориясына қатысты зерттеулер жүргізілгенімен, оның педагогикалық аспектісі жеке зерттеу нысаны болмаған, білімгерлерге лингвоэкологиялық білім мен тәрбие берудегі педагогикалық тәуекел мәселесі ғылыми және әдістемелік тұрғыда шешілмеген. Жастардың виртуалды қатысымдағы сөйлеу әрекетіне қатысты алдын-ала жүргізілген зерттеулер тілдік ортаның саламаттылығын қамтамасыз ету үшін білім беру ісінде кешенді жұмыстар жүргізудің қажеттілігін көрсетті. Бұл білім беру жүйесіне лингвоэкологиялық зерттеу нәтижелерін енгізудің тиімді механизмін жасау – ғылыми ізденіс үшін перспективті бағыт екенін дәлелдейді.   

Жобаның мақсаты: Жоғары білім беру жүйесіндегі лингвоэкологиялық мәселелерді анықтау арқылы лингвоэкологиялық білім берудің моделін жасау және білімгерлердің лингвоэкологиялық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін ұсыну.  

Жобаның өзектілігі: 

Қазақ қоғамының рухани дамуы, кемелденуі тіл тұғырының мықтылығы мен әлеуетіне тікелей тәуелді. Қазақ халқының ұлттық-мәдени коды ең алдымен қазақ тілінде екенін ескерсек, рухани жаңғыру бабалардан аманат боп қалған «тілді сақтау» идеясын жаңғыртудан бастау алуға тиіс. Ол тіл экологиясын оқытуға басымдық берумен тығыз байланысты.

Тіл экологиясын оқыту – тілдің өміршеңдігін сақтау кепілі. Себебі лингвоэкология – бұл тіл білімінің біріншіден, тілді сақтау мен қорғау мәселесін зерттейтін, екіншіден, тілдің дамуы мен қолданылуына кері ықпалын тигізетін факторларды анықтайтын, үшіншіден, тіл мәдениеті мен тілдік қатысым тәжірибесін жетілдірудің тәсілдерін енгізетін, төртіншіден, сөз энергетикасын, оның жасампаздық күшін, қатысым мүшелеріне әсерін қарастыратын бағыты.

ХХІ ғасырда әлем елдеріндегі білім беру реформалары өркениет талаптарына сәйкес білім берудің жаңа үлгісін дайындауға бағытталды. Жаңа үлгі білімнің сапалық көрсеткішіне, функционалдық сауаттылығына негізделеді, яғни білім алушының алған білімін өмірде қалай қолдана алатындығына басымдық береді. Бұл тұрғыда лингвоэкология жас ұрпақтың тілдің болашағына деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, тілдік ортаға қамқорлық жасауына жол ашады. Өйткені тілді сақтау, тілдік ортаны саламатты ұстау қоғамды құрайтын тілдік тұлғалардың лингвоэкологиялық құзыреттілігіне тәуелді. 

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында білім беру эволюциясының жаңа сатысы – ноосфералық білім беру кезеңі басталды. Оның басты мақсаты – қазіргі дәуірдегі ең үздік әлемдік және отандық психология-педагогикалық тәжірибені ықпалдастыру және ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне қарсы тұра алатын білім беру жүйесін жасау. Ол жас ұрпақтың тәрбиесі мен дайындығының әлемнің жалпыға ортақ заңдылықтарына сәйкес болуын, білім нәтижесінің әлемдік табиғи ортаны сақтауға бағытталуын, білімгерлердің физикалық, психикалық саулығын сақтауды көздейді. Лингвоэкология тілдің екіжақты қызметін қарастырады: сөзді дұрыс пайдалану тілді де, адамның денсаулығын да сақтайды, ал  сөзді теріс пайдалану тілді де, адамның денсаулығын да бұзады. Ұстаздың негізгі қаруы тіл екенін ескерсек, болашақ мамандарға педагогикалық қарым-қатынас экологиясын меңгерту, сөз құдіретін дұрыс бағытта пайдалана білуді игерту аса маңызды. Тіл экологиясы қатысымды экологиялылық шарттарын сақтай отырып құруды да үйретеді.

 Бүгінде адамзат тіршілігінің барлық саласында орын алып жатқан ықпалдасу үдерістері саяси, экономикалық, мәдени және білім беру салаларын ерекше қамтыды. Қазақстандық қоғамның бәсекеге қабілетті маман дайындауда көптілді тұлға қалыптастыруды көздеуі, үштілді оқыту білім берудің барлық сатыларында басым бағытқа айналуы мен тіл экологиясы қағидаларын негізге алатын көптілді білім беру жүйесінің жоқтығы арасындағы қайшылық лингвоэкологиялық білім берудің маңыздылығын көрсетеді. Көптілді білім беру жағдайында қазақ тілін тек қана меңгеру жеткіліксіз, оған құндылықтық қатынас қалыптастыру, «таза» күйінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу маңызды. Демек, тіл экологиясын оқытудың әдістемелік негізін жасау бүгінгі күннің сұранысынан туып отыр.

Қазақ тіл білімінде тіл экологиясының теориясына қатысты зерттеулер жүргізілгенімен, оның педагогикалық аспектісі жеке зерттеу нысаны болмаған. Осыған орай, жобаның өзектілігін төмендегідей түйінді мәселелер айқындайды:

  • рухани жаңғыруды іске асыру үшін бабалардан мирас болып жеткен «тілді сақтау» идеясын жаңғырту қажеттігі;
  • әлеуметтік лингвистикалық орта деңгейінің төмендігі, студенттердің тілдік ортасындағы тілдік дағдарыстар;
  • жоғары білім беруде лингвоэкологиялық білім берудің әдістемелік негіздерінің жасалмауы;
  • білімгерлерге лингвоэкологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық тәуекел мәселесінің ғылыми және әдістемелік тұрғыда тиісті деңгейде шешілмегендігі;
  • көптілді білім беру жағдайында педагогикалық үдеріс қатысушыларының лингвоэкологиялық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттігі.

 Күтілетін нәтижелер:  

  1. Қазақ тілі экологиясының даму кезеңдері жіктеліп, ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының лингвоэкологиялық пайымдауларының бағыттары анықталады;
  2. ҚР жастарының тілдік тұлғасының дамуына ықпал ететін экстралингвистикалық және интралингвистикалық факторлар басқа мемлекет жастарымен салыстырмалы түрде сипатталады;
  3. Қазіргі ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары тілдік тұлғасының деңгейіне, тілдік ортасының тазалығына зерттеу жүргізіліп, тұжырымдар жасалады;
  4. Лингвоэкологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті педагогикалық шарттар анықталып, тиімді әдіс-тәсілдері жүйеленеді;
  5. «Лингвоэкологиялық құзыреттілік» дидактикалық бірлігінің құрылымдық компоненттеріне сипаттама беріледі, лингвоэкологиялық білім беру бағдарламасы дайындалады;
  6. Cтуденттер мен оқушылардың лингвоэкологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға арналған «Лингвоэкология» атты курстың оқу-әдістемелік кешені жасалады;
  7. Білім беру орындарына педагогикалық ортаны ізгілендіретін, лингвоэкологиялық қауіптің алдын алатын педагогикалық лингвоэкология моделі енгізіліп, оның тиімділігі эксперимент арқылы тексеріліп, дәлелденеді.
  8. Республикалық БАҚ-та зерттеу объектісінің қоғамдық маңызын айқындайтын (тілге төнетін қауіптер мен тілдік экспансияға қатысты) материалдар жариялау; 

Жобаның жетекшісі:   

Чукенаева Гулим Толеуовна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD). 35-тен астам ғылыми мақаласы жарияланған, оның ішінде 3-і Scopus мәліметтер базасына енгізілген; 2 оқу құралының авторы.  Хирш индексі –1, Scopus ID 56127513400; Профайлына сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56127513400 , Web of Science ID w-9621-2018. Профайлына сілтеме: https://publons.com/dashboard/records/publication/ , ORCID 0000-0001-5214-8427. Профайлына сілтеме: https://orcid.org/0000-0001-5214-8427 

 Зерттеу тобының мүшелері: 

Абызова Айна Маратовна, жетекші ғылыми қызметкер, философия докторы (PhD). 40-қа жуық ғылыми мақаласы жарияланған, оның ішінде 5-і Scopus мәліметтер базасына енгізілген; 2  монография, 1 оқу құралының авторы. Хирш Индексі – 1. Scopus ID 57191072304. Профайлына сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57191072304&eid=2-s2.0-84986332619 . Web of Science ID X-1430-2018. ORCID 0000-0003-4213-6806. Профайлына сілтеме: https://orcid.org/my-orcid?justRegistered

Галымова Алима Жанатовна, аға ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі, гуманитарлық ғылымдар магистрі. 10-нан астам мақаласы жарық көрген. ORCID 0000-0002-7888-5705. Профайлына сілтеме: https://orcid.org/0000-0002-7888-5705

Тлегенова Гульнур Альмухамбетовна, ғылыми қызметкер, білім магистрі. 10-нан астам мақаласы жарық көрген. ORCID 0000-0003-0354-2561. Профайлына сілтеме:  https://orcid.org/0000-0003-0354-2561

Саржигитов Ерик Тортаевич, ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі. 10-нан астам мақаласы жарық көрген. ORCID  0000-0002-0741-4041. Профайлына сілтеме: https://orcid.org/0000-0002-0741-4041

Елеусизова Шолпан Сериковна, ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі. 12 мақаласы жарық көрген. ORCID 0000-0001-9606-2481. Профайлына сілтеме: https://orcid.org/my-orcid?justRegistered

Кайкибаева Айнур Сейдахметқызы, кіші ғылыми қызметкер. 10-нан астам ғылыми жұмысы жарияланған, оның ішінде Scopus мәліметтер базасына кіретін 1 мақала, РҒДИ кіретін журналда 3 мақала, терминдер сөздігі. Хирш Индексі  – 1. Scopus ID 57203995559, ORCID ID 0000-0003-4012-1221. Профайлына сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?origin=resultslist&authorId=57203995559&zone=   

Ғылыми тағылымдамалар және біліктілікті арттыру  

Чукенаева Гулим Толеуовна: 

  1. 2021ж. Лингвистика-техникалық университет, онлайн ғылыми тағылымдама, Польша Республикасы.
  2. 2021ж. «Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы салаларын оқытудағы жаңа ізденістер» атты біліктілік арттыру курсы (72 сағат).
  3. 3. 2020ж. «Коммуникативтік тәжірибедегі лингвистикалық экология» халықаралық ғылыми семинар (Лингвистика-техникалық университет, Польша).
  4. 2020ж. «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастырау» атты біліктілікті арттыру курсы (36 сағат).
  5. 2019ж. «Білім берудегі менеджмент» атты біліктілік арттыру курсы (72 сағат).
  6. 2019ж. «Көркем мәтінге тілдік талдау» атты біліктілік арттыру курсы (72 сағат).
  7. 2019ж. «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбында тренерлерді даярлайтын республикалық курс (Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, 72 сағат).
  8. 2018ж. «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру» курсы (Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. 80 сағат).
  9. 2017ж. Ханкук университеті Орта Азиятану департаменті, ғылыми тағылымдама, Сеул қ., Оңтүстік Корея.

Абызова Айна Маратовна: 

  1. 2021ж. Лингвистика-техникалық университет, онлайн ғылыми тағылымдама, Польша Республикасы.
  2. 2021ж. «Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы салаларын оқытудағы жаңа ізденістер» атты біліктілік арттыру курсы (72 сағат).
  3. 2020ж. «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастырау» атты біліктілікті арттыру курсы (36 сағат).
  4. 4. 2020ж. «Коммуникативтік тәжірибедегі лингвистикалық экология» халықаралық ғылыми семинар (Лингвистика-техникалық университет, Польша).
  5. 2019ж. «Көркем мәтінге тілдік талдау» атты біліктілік арттыру курсы (72 сағат).
  6. 2019ж. Лингвистика-техникалық университет, ғылыми тағылымдама, Пшасныш қ., Польша.
  7. 2017ж. «Professional Development course in Education for Higher Education Institutions» халықаралық біліктілік арттыру курсы (Instituto Superiorde Engenhariado Porto. Португалия. 240 сағат).

Галымова Алима Жанатовна:

  1. 2021ж. Лингвистика-техникалық университет, онлайн ғылыми тағылымдама, Польша Республикасы.
  2. 2021ж. «Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы салаларын оқытудағы жаңа ізденістер» атты біліктілік арттыру курсы (72 сағат).
  3. 2020ж. «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастырау» атты біліктілікті арттыру курсы (36 сағат).
  4. 4. 2020ж. «Коммуникативтік тәжірибедегі лингвистикалық экология» халықаралық ғылыми семинар (Лингвистика-техникалық университет, Польша).
  5. 2019ж. Лингвистика-техникалық университет, ғылыми тағылымдама, Пшасныш қ., Польша.

Тлегенова Гульнур Альмухамбетовна:

  1. 2021ж. Лингвистика-техникалық университет, онлайн ғылыми тағылымдама, Польша Республикасы.
  2. 2021ж. «English Language teaching methodology, content and curriculum development» біліктілік арттыру курсы (Regional English language office U.S. Embassy in Kazakhstan, 72 сағат).
  3. 2021ж. «From the experience of applying effective methods of teaching a foreign language» атты онлайн вебинар (72 сағат).
  4. 2020ж. «English Teaching Workshops with August Garnsey» семинар.
  5. 2020ж. «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастырау» атты біліктілікті арттыру курсы (36 сағат).
  6. 2020ж. «Білім берудегі менеджмент» атты біліктілік арттыру курсы (72 сағат).

Саржигитов Ерик Тортаевич:

  1. 2021ж. Лингвистика-техникалық университет, онлайн ғылыми тағылымдама, Польша Республикасы.
  2. 2020ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, ғылыми тағылымдама, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
  3. 2019ж. «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» атты оқыту семинары.
  4. 2019ж. «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» атты біліктілік арттыру курсы (72 сағат).
  5. 2018ж. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсы (Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. 160 сағат).
  6. 2016ж. «Тәжірбиедегі рефлекция» біліктілік арттыру курсы (Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. 80 сағат).
  7. 2016ж. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» біліктілік арттыру курсы.

Елеусизова Шолпан Сериковна:

  1. 2021ж. Лингвистика-техникалық университет, онлайн ғылыми тағылымдама, Польша Республикасы.
  2. 2021ж. «English Language teaching methodology, content and curriculum development» біліктілік арттыру курсы (Regional English language office U.S. Embassy in Kazakhstan, 72 сағат).
  3. 2021ж. «Сыртқы сапаны қамтамасыз етудегі студенттердің рөлі» атты семинар (Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA).
  4. 2020ж. «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастырау» атты біліктілікті арттыру курсы (36 сағат).
  5. 2020ж. «Methods of teaching English and developing the content of online lessons» біліктілік арттыру курсы (Regional English language office U.S. Embassy in Kazakhstan, 72 сағат).
  6. 2018ж. «Introduction to Designing Learning using Digital Technologies» атты халықаралық біліктілікті арттыру курсы (Лестер Университеті, Білім беру мектебі, Ұлыбритания).
  7. 2018ж. «Modern methods of teaching foreign languages and translation» әдістемелік семинар.
  8. 2017ж. «Professional Development course in Education for Higher Education Institutions» халықаралық біліктілік арттыру курсы (Instituto Superiorde Engenhariado Porto. Португалия. 240 сағат).
  9. 2017ж. «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» біліктілік арттыру курсы («Өрлеу» ҰБАО, 240 сағат).

Кайкибаева Айнур Сейдахметқызы:

  1. 2020ж. «Шет елдерде инклюзивті білім беру модельдері» курсы (Sklad education платформаcы, 72 сағат).
  2. 2018ж. «Институционалдық зерттеулер және деректерді визуализациялау: теория және практика» семинары (NU және KIMEP, 8 сағат).
  3. 2018ж. Бизнес-инкубатор MOST – «Кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық курс» (36 сағат).
  4. 2018ж. «Білім беру саласындағы менеджмент: үрдістер және сапа» курсы (N & T Consulting Company, 72 сағат).
  5. 2015ж. Zuyd қолданбалы ғылымдар университеті (Нидерланды) – магистрлік диссертацияның зерттеу тақырыбы бойынша халықаралық тағылымдама. 

2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде жобаны орындаушылардың жарияланымдары мен патенттерінің тізімі 

  1. Chukenayeva G. Rakhimova A. Main directions of the language policy of the European Union and Kazakhstan // Journal of Language and Literature: ISSN: 2078-0303, Vol.7.No.3. August, 2016. – p. 5-13. DOI: 10.7813/jll.2016/7-3/1
  2. Chukenayeva G. Lingua ecological aspects of speech culture of modern youth (on material of the Kazakh phraseological units) // Journal of Language and Literature: ISSN: 2078-0303. Vol. 7. No. 4. November, 2016. P.99-103.
  3. Чукенаева Г. Көптілді білім беру және қазақ тілінің экологиясы // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. №6 (310). 2016ж. -306б. 284-289 бб.
  4. Чукенаева Г. Лингвоэкологиялық құзыреттілік және оның құрамдас бөліктері // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. №5 (315). 2017ж. -238б. 213-216 бб.
  5. Рахимова А., Галымова А. Қазақтың тілдік санасындағы «қонақжайлық» концептісі // Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің хабаршысы. №3 (79) 2019 ж. 114-119 бб.
  6. Рахимова А. «Интеллект» макроконцептісінің когнитивтік метафора мен мақал-мәтелдердегі бейнесі // С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми журналы. ПМУ Хабаршысы. Павлодар, 2017. 369-380 бб.
  7. Рахимова А. Қазақ болмысындағы гендерлік интеллект. // ІІІ халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы материалдарының жинағы. Баку, 2016. –465-472 бб.
  8. Елеусизова Ш. Психологическая характеристика творческой речи. // IV Международные Фарабиевские чтения, Алматы, Казахстан, 2-12 апреля 2019.
  9. Елеусизова Ш. Рәміз және Семиотика. // Наука и жизнь Казахстана. №4, (60). 2018.
  10. Саржигитов Е. Номадтық поэзиядағы жыраулардың тәлімдік идеялары. // «Global science and innovations 2019: Central Asia» атты ІV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. –Астана, 21 қаңтар 2019 жыл.
  11. Саржигитов Е. Жыраулар поэзиясын оқыту // С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. Павлодар, ISSN 2073-333X №2 (2019). – 313 бет. 313-320 бб.
  12. Галымова А. Тілдік сананың ғылыми астары және ұғымдық сипаты. // І.Жанүгіров тағылымы: респ.ғыл.конф.матер. – Талдықорған, 2018. – 168 б. – 40-44 бб.
  13. 13. Карашолакова Л., Кайкибаева А. English – Kazakh – Russian Dictionary of life safety and Environmental science terms – Dictionary. Taldykorgan, 2020. – 74 p. 

Жоба бойынша жарияланған жарияланымдар мен патенттердің тізімі 

2020ж

  1. Rakhimova A. Principles of anthropocentrism in Modern Linguistics: Linguistic personality // Opción, Año 35, Regular No.90-2 (2020): 105-119 ISSN 1012-1587/ISSNe: 2477-9385.
  2. Чукенаева Г., Рахимова А. Лингвоэкологияның негізгі ұғымдары мен терминдері // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №12/3 (149) 2020. 368-375 бб.
  3. Чукенаева Г., Рахимова А. Лингвоэкологияны оқытудың педагогикалық ұстанымдары // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №12/1 (147) 2020. 241-248 бб.
  4. Саржигиов Е. Жыраулар философиясы // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылыми журнал. -2020. -№2/2. -Б.356-360.
  5. Рахимова А., Акажанова А. Қазақ және басқа ұлттардағы балалар ойындары // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылыми журнал. -2020. -№6. -Б.200-205
  6. Чукенаева Г. Лингвоэкологиялық құзыреттілік: түсінігі, қалыптасу деңгейлері // «Қазақ тіл білімі қазіргі заман кеңістігінде: таным, мəдениет, коммуникация» атты филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Н. Смағұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы. «Елтаным», 2020. – 460 б. –Б.380-385.
  7. Галымова А. Әртүрлі жастағы адамдардың тілдік бейнесіндегі «Атамекен» концептісі //«Қазақ тіл білімі қазіргі заман кеңістігінде: таным, мəдениет, коммуникация» атты филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Н. Смағұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы. «Елтаным», 2020. – 460 б. –Б.234-239.
  8. Галымова А., Рахимова А., Чукенаева Г. Лингвоэкология бойынша 2010-2020 жылдар аралығындағы шетелдік әдебиеттердің аннотациялық библиографиясы // VI Международная научно-практическая конференция «Менеджмент качества: поиск и решения». -Лос-Анджелес. 25-27 ноября 2020 г.
  9. Рахимова А. Қазақтың гендерлік интеллектісінің кейбір белгілері // «Қазақ тіл білімі қазіргі заман кеңістігінде: таным, мəдениет, коммуникация» атты филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Н. Смағұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы. «Елтаным», 2020. – 460 б. –Б.180-184.
  10. Рахимова А., Акажанова А. Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы // Наука и образование в современном мире: вызовы ХХI века: междн. научная конф. –Нұр-Сұлтан, 2020. –Б. 6-10.

2021ж.

  1. Чукенаева Г. Кибербуллинг түсінігі және түрлері: лингвоэкологиялық аспект // «The Europe and the Turkic World: Science, Engineering and Technology»: Materials of the VI International Scientific-Practical Conference. In three volumes. Volume III – Bursa, Turkey: Regional Academy of Management, 2021. – 378 p. P.255-262.
  2. Саржигитов Е. Т. «Жырау» мен «Жыршы» ұғымының тарихы // Торайғыров университетінің хабаршысы. №2 (2021). 141б. – Б.187-196.
  3. Галымова А. Концепт гостеприимство как отражение своеобразия картины мира казахов, русских и англичан // Язык, культура и литература: ежегодник. – Вып. 3. – Волгоград : Я41 НИЦ «Абсолют», 2021. – 114 с. Б.59-67.
  4. Чукенаева Г. Тенденции развития педагогической лингвоэкологии в Казахстане // Журнал «Вопросы устойчивого развития общества» №11, Махачкала, 2021.
  5. Чукенаева Г. Кибербуллинг түсінігі және түрлері: лингвоэкологиялық аспект // «The Europe and the Turkic World: Science, Engineering and Technology»: Materials of the VI International Scientific-Practical Conference. In three volumes. Volume III – Bursa, Turkey: Regional Academy of Management, 2021. – 378 p. P.255-262.
  6. Тлегенова Г. Şekerim Kudayberdiulı’nın Destanı ve Şiirlerindeki Arkaık Unsurlar // VІIІ Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы. –Түркия. 2021. -867. Б.205-214.
  7. Галымова А. Қазақтың тілдік санасындағы «қонақжайлылық» мәнді фразеологизмдердің қолданылу аясы // Материалы международного научно-методического журнала «Global science and innovations 2021: Central Asia». Нұр-Сұлтан, 2021. -189. -Б.3-9.
  8. Чукенаева Г. «Едіге» жырының ономастикалық кеңістігі // International Altay communities symposium-IX: epics and epic culture. Bursa. 2021.
  9. Тлегенова Г. Simultaneous translation problems study // Сборник материалов IV Международной научно-практической конференции «Шаг в науку». -Грозный, 2021. – 464 с.
  10. Рысдаулетова Б. Чукенаева Г. Понятие внешней и внутренней красоты в человеке в русском и казахском языках // Сборник материалов IV Международной научно-практической конференции «Шаг в науку». -Грозный, 2021. – 464 с.
  11. Саржигитов Е. Тіл тазалығы толғандырады // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №05 (102). 2021. 88б. Б.86.
  12. Чукенаева Г. Тілдік агрессияның алдын алу: кибербуллингпен күрес // «Ана тілі» газеті. 2021 жыл 20 мамыр. https://anatili.kazgazeta.kz/news/59224
  13. Чукенаева Г. Лингвоэкологиялық терминдер мен ұғымдардың электронды анықтамалық-сөздігі. 2021ж. – 76б.