Мемлекеттік қызмет бойынша 50-ші халықаралық конференцисы
Бағдарлама жетекшісі Б.А. Тайторина және зерттеу тобының мүшесі А. Алимбетова 23.03.2026-03.04.2026 аралығында Пхукет Раджабхат университетінде (Phuket Rajabhat University) болып, мемлекеттік әкімшілік және Мемлекеттік қызмет бойынша 50-ші халықаралық конференцияға (50th International Conference on Public) қатысты.
Іссапардың мақсаты: Пхукет Раджабхат университетінің (Пхукет, Таиланд) базасында мемлекеттік басқару саласындағы мамандарды даярлау мен оқытудың заманауи тәсілдерін зерделеу бойынша сараптамалық-талдамалық жұмыс жүргізу, 50th International Conference on Public Administration and Civil Service (BPACS-26) халықаралық ғылыми конференциясына, Пхукет провинциясы аумағында өткізілген «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи тәсілдері» атты практикалық-бағдарланған семинарға қатысу, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласындағы шетелдік ғалымдар мен мамандармен халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды орнату және дамыту.
Негізгі міндеттер:
• Ғылыми бағдарламаның бағытымен үндес Пхукет Раджабхат университетінің іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік тәсілдерімен танысу;
• «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи тәсілдері» атты практикалық-бағдарланған семинарға қатысу арқылы мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттырудың заманауи модельдерін зерделеу;
• Тәжірибе алмасу және ғылыми-білім беру ынтымақтастығының ықтимал бағыттарын талқылау мақсатында Пхукет Раджабхат университетінің оқытушыларымен және академиялық орта өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік қызметті дамыту мәселелері бойынша сараптамалық талқылаулар жүргізу;
• Пхукет Раджабхат университетінің ғылыми кітапханасына барып, мемлекеттік саясат, ұйымдық мәдениет және мемлекеттік қызметтің қызмет ету мәселелеріне арналған нормативтік база мен ғылыми әдебиеттерді зерделеу, аталған бағыттар бойынша ғылыми дереккөздерді жинақтау және талдау;
• Зерттеу тобы мүшелерінің «50th International Conference on Public Administration and Civil Service (BPACS-26)» халықаралық ғылыми конференциясына тыңдаушы ретінде қатысуы арқылы мемлекеттік басқару саласындағы заманауи ғылыми тәсілдер мен зерттеулермен танысу;
• Таиландтың білім беру және ғылыми тәжірибелері негізінде мемлекеттік қызметті дамыту, ұйымдық мәдениет және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;
• Алынған материалдарды ғылыми бағдарлама аясында пайдалану үшін жинақтау, жүйелеу және кейінгі талдау жүргізу.
Ғылыми нәтижелерді таныстыру:
· Тиімді тәжірибелерді айқындау мақсатында Таиландтың мемлекеттік басқару, ұйымдық мәдениет және мемлекеттік қызметті дамыту салаларындағы білім беру және ұйымдастырушылық тәсілдерін зерделеу, және оларды Қазақстан Республикасы жағдайында бейімдеуге болатын қарастыру;
· Тәжірибе алмасу және ғылыми өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау мақсатында Пхукет Раджабхат университетінің оқытушылары, зерттеушілері және өкілдерімен, сондай-ақ «50th International Conference on Public Administration and Civil Service (BPACS-26)» халықаралық конференциясының қатысушыларымен академиялық және кәсіби байланыстар орнату;
· Конференция және семинарлық іс-шаралар аясында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті дамыту мәселелері бойынша пікірталастарға қатысу;
· Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің ұйымдық мәдениетін трансформациялауға байланысты ғылыми мүдделерді таныстыру, отандық заң ғылымының оң имиджін қалыптастыру және оны халықаралық академиялық кеңістікке ықпалдастыру.
Қол жеткізілген нәтижелер:
• зерттеу тобының мүшелері Б.А. Тайторина мен А. Алимбетова «50th International Conference on Public Administration and Civil Service (BPACS-26)» халықаралық ғылыми конференциясы аясындағы пікірталастарға қатысты;
• «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи тәсілдері» атты практикалық-бағдарланған семинарға қатысу заманауи білім беру және басқару тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік берді;
• конференция мен семинарға қатысқанын растайтын қатысушы сертификаттары алынды;
• шетелдік ғалымдармен, оқытушылармен және халықаралық іс-шараларға қатысушылармен кәсіби байланыстар орнатылды, бұл алдағы ғылыми ынтымақтастық пен жарияланымдық белсенділікті дамытуға негіз қалайды;
• Пхукет Раджабхат университетіне сапар аясында университеттің білім беру және ғылыми қызметімен танысу жүргізіліп, сондай-ақ академиялық қауымдастық өкілдерімен жұмыс кездесулері мен талқылаулар өтті;
• ғылыми және оқу материалдарын зерделеу нәтижесінде Таиландтың мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадр даярлау, ұйымдық мәдениет және мемлекеттік қызметті дамыту мәселелері бойынша ақпарат жинақталды;
• алынған материалдар ғылыми жарияланымдар дайындауда және ғылыми бағдарламаны одан әрі дамытуда пайдаланылатын болады;
• жинақталған деректерді білім беру бағдарламаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін жетілдіру барысында тиімді халықаралық тәжірибелерді бейімдеу мақсатында әрі қарай талдауға болады.
