Стамбул қаласындағы ғылыми іссапар

ИРН BR27195163 «Қазақстанның мемлекеттік қызметінің ұйымдық мәдениетін трансформациялау архитектоникасы» бағдарламасы аясында 2025 жылғы 12–17 мамыр аралығында Yeditepe университетінде (Стамбұл, Түркия) ғылыми тағылымдама өткізілді. Іссапардың мақсаты – Түркі мемлекеттерінің I халықаралық заң конгресіне қатысу және бағдарлама аясында Yeditepe университетінде ғылыми, сараптамалық-талдамалық жұмыстар жүргізу.

Ғылыми іссапардың негізгі міндеттері:

  • Қазақстанның мемлекеттік қызметінің ұйымдық мәдениетін трансформациялауға арналған зерттеудің аралық нәтижелері бойынша баяндама жасау;
  • Yeditepe университетінің бағдарлама тақырыбына сәйкес келетін білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу;
  • Тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында ғалымдармен және практик мамандармен сараптамалық кездесулер мен консультациялар өткізу;
  • Құқықтық трансформация, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және ұйымдық мәдениет мәселелері бойынша ғылыми әдебиеттермен және материалдармен танысу;
  • Озық тәжірибелерді Қазақстан жағдайына бейімдеу мақсатында түркі мемлекеттерінің халықаралық тәжірибесін талдау;
  • Қазақстанның ғылыми күн тәртібін ілгерілету және отандық зерттеулерді халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдастыру.

Ғылыми іссапардың негізгі нәтижелері:

  • Конгрестің ғылыми кеңесінің жұмысына қатысу;
  • IV сессияда «Түркі мемлекеттеріндегі мемлекеттік қызмет және адам құқықтары: қазіргі заманғы конституция талаптарына сәйкестігі» тақырыбында баяндама жасау және сессияға модераторлық ету;
  • Қатысушы сертификатын алу және шетелдік әріптестердің оң пікірлеріне ие болу, сондай-ақ баяндаманың конгресс материалдарының жинағына енгізілуі;
  • Бірлескен жобалар мен жарияланымдарды жүзеге асыру мақсатында Түркия, Әзербайжан, Венгрия, Косово, Кипр, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан ғалымдарымен кәсіби байланыстар орнату;
  • Yeditepe университетінің жария құқық және басқару кафедраларының оқытушылары және зерттеушілерімен кездесулер мен консультациялар өткізу;
  • Түркиядағы мемлекеттік қызметті трансформациялау тәжірибесі бойынша этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, цифрландыру және институционалдық реформалар бағыттарын қамтитын салыстырмалы ақпарат жинау және талдау;
  • «Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Заң ғылымдары сериясы» журналының 2025 жылғы №2 санына «Жергілікті өзін-өзі басқару контекстіндегі мемлекеттік қызмет: Түркия мен Қазақстан мысалындағы мәселелер мен шешімдер» атты мақаланы дайындау және жариялауға қабылдату;
  • Бағдарламаны іске асыру аясында монография бөлімін әзірлеу;
  • Зерттеудің талдамалық бөлімінде ескерілетін Түркияның мемлекеттік қызметіндегі ұйымдық мәдениет моделінің ерекшеліктерін айқындау;
  • Мемлекеттік қызметтің ұйымдық мәдениетін жаңғырту мәселелері бойынша түркі елдерінің зерттеушілері қатысатын бірлескен дөңгелек үстел немесе онлайн-семинар ұйымдастыру бастамасын пысықтау.