Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті классикалық қағидаттарды заманауи білім беру бағдарламаларымен үйлестіретін ірі өңірлік жоғары оқу орны болып табылады. Университет білім, ғылым және тәрбие бағыттары бойынша көп салалы инновациялық-бағытталған Smart-университет ретінде дамуда. І.Жансүгіров атындағы ЖУ білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі жүргізген «Қазақстанның үздік көп бейінді жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі-2020» сәйкес Қазақстанның үздік көп бейінді жоғары оқу орындарының ондығына кіреді.

Университет құрылымында биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, 7 факультет, 22 кафедра, колледж, «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығы, StartUp Academy ZhU, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі, IT-орталық бар.

Жарты ғасырға жуық тарихында университет жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 52175 маман дайындады. Қазіргі уақытта университетте барлық оқу формаларында 5218 білімгер және 353 магистрант, 75 докторант, колледждің 574 білімгері білім алуда.

Жетісу университетіндегі оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу процестерін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық персонал қамтамасыз етеді, ПОҚ және НР жалпы саны 281 адамды құрайды, оның ішінде 22 ғылым докторы, 103 ғылым кандидаты, 21 PhD докторы, 144 магистр, 18 профессор, 48 қауымдастырылған профессор бар. Университетте білім академиясының 1 мүшесі, әлеуметтік ғылымдар академиясының 1 мүшесі, жаратылыстану академиясының 1 мүшесі, экономикалық Еуразия академиясының 1 мүшесі, ақпараттандыру академиясының 3 мүшесі, салалық академиялардың 5 корреспондент мүшесі, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің 16 иегері, ҚР Білім беру ісінің 28 құрметті қызметкері, ҚР Білім беру ісінің 11 үздік қызметкері, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Еңбек сіңірген заңгері, «жылдың үздік оқытушысы» республикалық грантының 32 иегері, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші Қазіргі уақытта университет студенттері арасында 2 әлем чемпионы және 8 Азия чемпионы, 47 Қазақстан чемпионы жұмыс істейді.

Университеттің ПОҚ мен НР жаңалық критерийін қанағаттандыратын Өнертабыс пен пайдалы модельге 18 патенті, Хирш жиынтық индексі 126.

Қазіргі уақытта университетте шетелдік университеттермен және ұйымдармен бірлескен ғылыми зерттеулер, білімгерлер мен оқытушылардың академиялық алмасулары саласында, білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы 60 қолданыстағы шарт бар.

Бүгінде университет өндіріс пен еңбек нарығының заманауи және өзгермелі жағдайларына бейімделген жаңа үлгідегі мамандарды даярлайды.