Ғылыми кеңес шешімдері
Ғылыми кеңес төрағасы – Басқарма Төрағасы — Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бурибаев Ермек Абильтаевич
Ғалым хатшы – философия докторы (PhD) Шүкенай Гүлім Төлеуқызы
Телефон: +7(728)222-21-23 (11-09); +7 707 115 5086
e-mail: chukenaeva@mail.ru
1. Ғылыми кеңес «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциалық емес акционерлік қоғамының тұрақты жұмыс істейтін, сайланбалы алқалы органы болып табылады.
2. Ғылыми кеңес өз
қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастырудың
үлгілік қағидаларын, Қоғамның Жарғысын басшылыққа алады.
3. Ғылыми кеңестің мақсаты жоғары
білім беру жүйесінің басым міндеттеріне, университеттің даму стратегиясына және
қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуына сәйкес университет қызметін тиімді,
ашық және демократиялық басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Қоғам органдарының
айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау кезінде Ғылыми кеңес
қабылдаған шешімдер ұсынымдық сипатқа ие болады.
5. Ғылыми кеңес құрамына лауазымы бойынша Басқарма
Төрағасы – Ректор, Басқарма мүшелері – проректорлар, сонымен қатар, комиссия
сайлаған әкімшілік-басқару аппараты, профессор-оқытушылар құрамы,
университеттің қоғамдық ұйымдарының өкілдері және білімгерлер кіреді.
6. Ғылыми кеңес мүшелері университет құрған
комиссия арқылы жасырын дауыс беру жолымен әкімшілік-басқару аппаратының,
профессорлық-оқытушылық құрамның, университеттің қоғамдық ұйымдарының және
білім алушылардың өкілдері арасынан сайланады.
7. Ғылыми кеңестің жеке құрамы Басқарма Төрағасы –
Ректордың бұйрығымен бекітіледі.
8. Университеттің Ғылыми кеңесінің қызметін басқаруды
университеттің Ғылыми кеңесінің төрағасы жүзеге асырады. Төраға Ғылыми кеңестің
жұмысын үйлестіреді және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына,
университет Жарғысына және осы Ережеге сәйкес қамтамасыз етеді.
Ғылыми кеңестің төрағасы және оның орынбасары Ғылыми
кеңес мүшелері арасынан көпшілік дауыспен сайланады. Төраға болмаған жағдайда
оның міндеттерін орынбасары атқарады.
9. Ғылыми кеңесте қаралатын мәселелерді дайындауды
ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, тәжірибені жалпылау
және Ғылыми кеңес жұмысының түрі мен әдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
үшін Ғылыми кеңес мүшелері арасынан Ғылыми кеңес арқылы сайланып, Басқарма
Төрағасы – Ректордың бұйрығымен ғалым хатшы тағайындалады.
10. Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырудың негізгі
формасы – отырыс болып табылады. Отырыстар Ғылыми кеңестің жұмыс жоспарына
сәйкес, сондай-ақ қажет болған жағдайда, бірақ айына кемінде бір рет
өткізіледі.
11. Ғылыми кеңес өз құзыреті шегінде келесі
қызметтерді жүзеге асырады:
· академиялық, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу,
инновациялық және әкімшілік-шаруашылық қызметтің негізгі мәселелері бойынша
шешімдерді қарау, талқылау және қабылдау;
·
білім
беру және ғылыми процестерге инновацияларды енгізуге жәрдемдесу;
·
қоғам
мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі тараптар алдында өз қызметінің
ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
·
ортақ
мақсаттарға қол жеткізу үшін университеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы
өзара іс-қимылды нығайту;
·
өз
бастамасы бойынша немесе университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы
бойынша академиялық немесе ғылыми қызығушылық тудыратын мәселелерді қарау және
олар бойынша тиісті шаралар қабылдау;
·
Ғылыми
кеңес шешімдерінің орындалуын іске асыруды талдау, қол жеткізілген нәтижелерді
бағалау және қажет болған жағдайда түзету шараларын қабылдау.
·
оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамыту
бойынша перспективалық жоспарды қарастыру;
·
профессор-оқытушылар құрамына және ғылыми құрамға ғылыми
атақтар беру мәселелерін қарастыру;
·
ішкі тәртіп ережелерін қарастыру және бекіту;
·
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қатысты барлық
мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
·
университеттің Стратегиялық даму жоспарын іске асыруға
байланысты мәселелерді қарастыру;
·
университеттің әлеуметтік дамуына қатысты негізгі
мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;
·
өткен оқу жылы бойынша университет қызметінің
қорытындысын шығару;
·
университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары
туралы есептерін мерзімді түрде қарастыру;
·
қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің
қызметі туралы есептерді қарастыру;
·
Қоғам Басқармасына бекітуге ұсыну үшін мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын қарастыру;
· университет қызметіне
қатысты және алқалық шешім қабылдауды талап ететін өзге де мәселелерді
қарастыру.
