ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ
Департаменттің мақсаты – университеттің негізгі ғылыми бағыттары аясында ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық жұмыстарды жүргізу үшін ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану.
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және педагогикалық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және басқа да ғылыми іс-шаралар өткізу;
- Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеттің ұйымдастырушылық, нормативтік, әдістемелік, ақпараттық-талдамалық ғылыми қызметін қамтамасыз ету;
- Бюджеттік және бюджеттен тыс қаржы ресурстарын тарту бойынша экономикалық және ұйымдастыру шараларын әзірлеу және іске асыру;
- Оқытушылардың, докторанттардың, магистранттардың және білімгерлердің ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру;
- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің шетелдік журналдардағы жарияланым белсенділігін арттыру;
- ҒЗТКЖ нәтижелеріне сараптама жүргізу және коммерцияландыру үшін перспективалы әзірлемелерді анықтау;
- Коммерцияландыруға арналған перспективалы инновациялық жобаларды "Қаптау";
- Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен байланыстарды жолға қою.
ҚЫЗМЕТТЕРІ
- ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық жоспарларын қалыптастыру, үйлестіру, кеңес беру және олардың орындалу барысын бақылау үшін материалдар дайындау;
- Университет қызметкерлерінің республикалық және ЖОО ішілік конкурстарға, ғылыми зерттеулерге, сондай-ақ басқа ұйымдардың ғылыми конкурстарына қатысуын ұйымдастыру;
- Университте өткізілетін халықаралық, республикалық, университет аралық деңгейдегі ғылыми конференциялар мен басқа да ғылыми іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
- І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жас ғалымдар кеңесінің қызметін үйлестіру;
- Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру (ғылыми іс-шараларға қатысу, ғылыми үйірмелердің жұмысы, түрлі ұйымдардың ғылыми конкурстары (ҚР БҒМ, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Корпоративтік қор және т.б.).
- Жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың маңызды проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және іске асыру;
- Ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу бойынша оқытушыларға, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге анықтама беру;
- Дарынды зерттеушілерді анықтауға және қолдауға, жас ғалымдардың шығармашылық өсуіне жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларды іске асыру;
- ҒЗЖ өткізу үшін гранттар алуға халықаралық, республикалық және өңірлік конкурстарға қатысуды ұйымдастыру;
- Елде және шетелде іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдармен ғылыми байланыстарды және өзара байланыс нығайту;
- Университеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінде ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыру бойынша перспективалы жобаларды іздестіруді жүзеге асыру;
- Технологияларды коммерцияландыру бойынша таныстыру іс-шараларын өткізу;
- Коммерцияландыру үшін әлеуеті бар ғылыми әзірлемелер мен технологияларды айқындау;
- Инновациялық жобаны коммерцияландыру процесін басқару;
- Жобаларды бағалау, мониторингілеу және басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Жұмысты ұйымдастыру және инновациялық идеялар мен ұсыныстарға, инновациялық жобаларға алдын ала қаржылық-маркетингтік талдау жүргізуге, сондай-ақ оларды қаржыландыру мүмкіндігі тұрғысынан бағалау мен алдын ала іріктеуге қатысу.
ЖЕТІСТІКТЕР

























БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Карашолакова Лаззат Наушабаевна
Департамент директоры
+7 (728) 222 17-79 ;
Ішкі (1173)
karasholakova.lazzat@mail.ru
Абайдельданова Меруерт Кебековна
Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің басшысы
+7 (728) 222 17-79 ;
Ішкі (1155)
meruert.abaydeldanova@mail.ru