23 сәуір күні 2021 жылы Құқық және экономика факультеті, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы М.Д. Баженова «Рухани жаңғыру» бағдарламасынының 4-жылдығына орай, Googlemeet платформасы арқылы 1-курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы өз ойларымен бөлісіп болашақ жүезге асыратын жобаларды айтып кетті. Іс-шара мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жыл ішінде жүзеге асырылған жобалар мен қолға алынған шараларын қарастыру болып табылады.