09.01.2023 – 13.05.2023 жылдар уақыт аралығында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің 6В02302 – «Филология» мамандығының 3-4 курс студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өту жоспарланған. Яғни, «Жетісу облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы», Жетісу облыстық «Жетісу газеті» және «Жансүгіров әдеби-музейлерімен келісімшарт негізінде студенттеріміз өндірістік практикадан өтуде. Студенттер жетекші әдіскерлерімен бірлесе жұмыс істей отырып, өздеріне жүктелеген міндеттерді тиянақты орындауда.