Кездесу

7 сәуір күні Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Құқық және экономика жоғары мектебінің, Менеджмент және мемлекеттік басқару саласы бойынша білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен 3 және 4 курс білімгерлерімен кездесу өтті. Ондағы мақсат кәсіби іс-тәжірибеден өткізу және болашақта жұмысқа орналастыру. Кездесу барысында департаменттің міндеттері, құзыреттері мен өкілеттіктері, сондай-ақ қызмет өткерудің артықшылықтары айтылды.