Дәріс

Жаратылыстану жоғары мектебінде шетелдік жетекші университеттерінің білікті оқытушыларын дәріс оқуға шақыру үрдісі жүзеге асырылуда.

11.09.2023-05.10.2023 аралығында жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жилин университеті Биік таулар биологиясы институтының (Словакия), профессоры, PhD Мариан Жанига 7М01505-Биология БББ магистранттарына «Биоалуантүлілікті қорғау және сақтау» пәні бойынша (2 курс, БҚМ 211 тобы) дәріс оқуда. Инновациялық әдістерді қолдана отырып өткізген профессордың дәріс пен практикалық сабақтарына магистранттар аса қызығушылықпен қатысып, талқылауда.