Танымдық семинар

Жаратылыстану жоғары мектебінің 6В01508-Биология және 6В01507-Химия-Биология білім беру бағдарламаларының студенттеріне және жас ғалымдарға 29.09.2023 ж. Жилин университеті Биік таулар биологиясы институтының (Словакия), профессоры, PhD Мариан Жанига «Биология мен экологиядан ғылыми жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында танымдық семинар өткізді. Семинар барысында профессор Мариан өзінің ғылыми бағыттарымен, зерттеу әдістері және зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Биология мен экология саласында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастырудың қыр-сырларын түсіндірді.
Профессор ғылыми тәжірибелерінің қызықты деректерімен бөлісті.
Қатысушылар тақырыпты қызығушылықпен талқылап, сұрақтар қойып, тілектері мен ұсыныстарын айтты.