Ғылыми іссапар

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ҒЫЛЫМИ ІССАПАР

            Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, ф.ғ.д. Имангазинов Мұратбек Мүбыракханұлы және оқытушы-дәріскер, т.ғ.к. Буланов Ержан Олжабайұлы AP19680053 – «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» (2023-2025 жж.) атты ғылыми жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында 2023 жылғы 01-07 қазан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) іссапарда болды.

            Іссапар барысында Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты, Ташкент қаласындағы мемлекеттік мұрағат, Ә.Науаи атындағы ұлттық кітапхананың сирек қорындағы архивтік құжаттармен жұмыс жүргізіліп, І.Жансүгіровтің 1920-1930 жылдары Ташкентте жарық көрген баспасөз материалдары жинақталды.