Кездесу

Жетісу облыстық прокуратура қызметкерлерімен кездесу.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының студенттері Жетісу облыстық прокуратурасының кадрлық жұмыс тобының басшысы Мирас Махметовпен кездесті. Ондағы мақсат құқық саласы бойынша білім алып жатқан студенттерді прокуратура органдарының жүйесіндегі өзгерістермен таныстыру, олардың қызметi, міндеті жайлы ақпарат бері. Сонымен қатар қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын түсіндіру.

Кездесуде студенттерге Прокуратура органдарына қабылдау тәртібі, прокуратура органдарында қызмет өткеру, Сыныптық шендер, Прокуратура органдарындағы қызметті тоқтату тәртібі, құқық қорғау академиясының маңыздылығы бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Кездесу соңында студенттер Жетісу облыстық прокуратурасындағы басқармалар қызметімен танысып,  Жетісу облыстық прокуратурасының ғимаратында экскурсия жасады.