Құттықтаймыз!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында «Жетісу Алатауының сирек кездесетін жабайы жеміс түрлерінің көшеттерін вегетативті көбею жолымен өндіру» атты жобасы грант жеңіп алды (жоба жетекшісі: Бахтаулова Алефтина Сембаевна). Жоба ұсынылып отырған экономиканың басым секторының атауы. Экология («Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы).

Жобаның мақсаты – бірегей биологиялық әртүрлілікті сақтау, коллекциялық екпелерді қалыптастыру және жеміс өнімін өндіру және жасыл қала құрылысы саласында жұмыс істейтін тұтынушылар үшін вегетативтік көбейтуді жүргізу үшін питомник құру жолымен Жетісу Алатауының сирек кездесетін жабайы жемісті түрлерінің көшеттерін өндіру.